Сенбі, 19 Сәуір 2025
Ел іші... 671 0 пікір 16 Сәуір, 2025 сағат 14:12

Елордада электр энергиясы тарифі көтерілуі мүмкін

Сурет: Ulysmedia.kz сайтынан алынды.

«Астана — өңірлік электржелілік компаниясы» АҚ электр энергиясының шекті тарифін 1 киловатт-сағатына 31,67 теңгеге дейін көтеруді ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін қоғамдық тыңдау барысында аталған компания басшысы Руслан Әбжанов айтты. 

Оның атап өтуінше, 2024 жылы электр энергиясының тарифі 1 киловатт-сағат үшін 29,28 теңгеден 24,43 теңгеге дейін төмендетілген. Ал қазіргі уақытта энергия беруші ұйымдардың тарифі көтеріліп отыр. Соның салдарынан қолданыстағы тариф шығынды саналады және электр энергиясының өзіндік құнын жаба алмайды.

— 2025 жылдың 1 қаңтарынан бері қолданыстағы тариф 1 киловатт-сағат үшін 24,43 теңге. Ал біз 31,67 теңге дейін көтеруді ұсынып отырмыз. Тариф өсімі — 29,6 пайыз. Егер құрылымын қарайтын болсақ, орташа есеппен тарифтің артуы сатып алу, транзит және қуаттар тарифінің артуы есебінен болып отыр, — деді ол.

Компания ұсынып отырған жобаға сәйкес, осы жылдың 1 мамырынан бастап тұтыну топтарына қарай сараланған тариф мынадай болмақ: халық үшін — 1 киловатт-сағат үшін — 22,43 теңге (ҚҚС-ті есептегенде 25,12 теңге), заңды тұлғалар үшін — 33,88 теңге, бюджет үшін — 66,33 теңге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын шығаратын компаниялар үшін — 31,67 теңге.

Айта кетейік, кеше «Астана су арнасының» 2025 жылғы 1 мамырдан бастап көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің өзгеруіне қатысты орай қоғамдық тыңдау өтті.

Мәлім болғаны «сарқынды суларды ағызу және тазарту» тарифтерінің орташа деңгейін текше метріне 134,96 теңгеден 174,29 теңгеге дейін өзгерту ұсынылып отыр. «халыққа» арналған тариф 79,63 теңгеден 102,38 теңгеге дейін, жылумен қамтамасыз ету кәсіпорындары бойынша 240,54 теңгеден 310,63 теңгеге дейін (70 теңге), ал бюджеттік ұйымдар мен заңды тұлғалар үшін 309,12 теңгеден 399,19 теңгеге дейін (90 теңге) өзгереді. Ал «ауыз суды жіберу» және «техникалық сумен қамтамасыз ету» қызметтері бойынша тарифтер текше метріне сәйкесінше 158,93 теңге және 53,43 теңге деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2035
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4892
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4092