Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Аймақ 295 0 пікір 20 Сәуір, 2025 сағат 13:46

Бірлік фестивалі: елордада ерекше мастер-класс түрлі ұлт өкілдерінің балаларының басын қосты

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Пасха мерекесі қарсаңында елорданың Достық үйінде Пасха жұмыртқаларын бояу және Пасха бәліштеріне қамыр жасау бойынша ерекше шеберлік сабағы өтті. Оған ерекше қажеттіліктері бар балалар мен түрлі этнос өкілдері қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Іс-шараны Астана қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар Кеңесі ұйымдастырды. 

Балалар щетка, қарындаш, аппликациялар және басқа да сәндік материалдарды пайдаланып, Пасха жұмыртқаларын бояуды үйренді. Олар сондай-ақ Пасха бәліштеріне қамыр дайындауға қатысып, ерекше рецептерді үйренді. Мастер-класстың көркін түрлі тәттілер арттыра түсті. Олардың арасында мейіз қосылған Пасха бәліштері, сүзбе пасха торты және боялған жұмыртқалар бар. 

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

«Бұл керемет! Мен барша қазақстандықты Пасха мерекесімен құттықтаймын және оларға бақыт, жақсылық және биік шыңдарды бағындыруды тілеймін!» – деп өз әсерімен бөлісті мастер-класс қатысушыларының бірі Кирилл Чернов. 

Іс-шара Достық үйінде өткен мерекелік кездесулердің жалғасы болды. Жақында мұнда Наурыз мерекесі тойланса, енді түрлі мәдениет өкілдері бір дастарханның басында тағы да бас қосты – бұл жолы Пасха мерекесіне орай. 

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

«Біз Қазақстанда бар барлық мерекелерді тойлаймыз. Мақсат – барлық этносты бір шаңырақ астына біріктіру. Бүгін бізге ерекше балалар келіп отыр, олардың эмоцияларына қарағанда бұл іс-шара оларға өте ұнады», - дейді Достық үйі директорының орынбасары Камета Ибраева. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматта Пасха шеберлік сабағы алғаш рет өтті. Ол Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралардың бір бөлігі болды. Жоспарда этносаралық бірлікті нығайтуға және толеранттылық мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа кездесулер мен шығармашылық шараларды өткізу бар. 

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4135