Президент жаңа елшілер тағайындады

Президент жарлығымен бірқатар елдің елшілері тағайындалды. Атап айтқанда Қазақстанның Моңғолиядағы, Шри-Ланкадағы, Швециядағы және Даниядағы елшілері тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі қызметінен кеткені белгілі болды.
Abai.kz