Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025
Жаңалықтар 182 0 пікір 29 Сәуір, 2025 сағат 21:49

Қарағанды облысында сарбаздар әндерінің облыстық фестивалі өтті

Сурет: Қарағанды облысы әкімдігінен алынды.

Қарағанды облысында Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай дәстүрлі сарбаздар әндерінің облыстық фестивалі өтті. Шара азаматтық белсенділікті арттыруға, әскери-патриоттық тәрбиені күшейтуге және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

2004 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл фестиваль өңірде қалыптасқан игі дәстүрге айналды. Ол жыл сайын патриоттық әннің жанкүйерлері мен оны шынайы ықыласпен орындайтындарды біріктіріп келеді. Фестиваль ерлік, абырой мен отансүйгіштік рухын бейнелей отырып, қазақстандық сарбаздардың қаһармандығы мен жауынгерлік дәстүрлерін дәріптейді. Сонымен қатар, ол әскери мамандықтардың беделін арттыруға және мерзімді әскери қызметшілердің шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етеді.

Фестивальдің ұйымдастырушылары — Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Жастар ресурстық орталығы. Іс-шараға Қарағанды гарнизонының әскери құрылымдары қолдау көрсетті.

Фестиваль аясында байқау бағдарламасы мен салтанатты гала-концерт өтті. Қатысушылар мен шығармашылық ұжымдар ерлікке, Отан алдындағы борыш пен қызметке арналған әсерлі патриоттық қойылымдар ұсынды.

Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жалпы жүлде қоры 1 100 000 теңгені құрады.

Сарбаздар әндерінің фестивалі жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің, рухани құндылықтарды нығайтудың және халқымыздың ерлікке толы тарихын есте сақтаудың маңызды алаңы болып қала береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2545
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5460
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4768