Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2806 0 пікір 5 Қазан, 2009 сағат 07:22

Ғаділбек Әкім. Дағдарыс күшіне енгеннен бері, мемлекеттің экономикадағы рөлі артып келеді.

АҚШ-та басталған қаржы дағдарысы, бүгінгі күнде әлемнің барлық елдеріне, оның ішінде дамыған және дамушы елдердің экономикаларын әлі де шайқатуда. Кейбір сарапшылардың болжауынша, ағымдағы жылда кейбір елдердің экономикалары рецессия процесінен шығып, аздаған өсім көрсетуіне қарамастан, дағдарыс құрсауынан толыққанды шығу туралы айту ерте, сонымен қатар, дағдарыстың түбі әлі де болса көрінбей отыр , - деп болжауда. Осыдан бірер жыл бұрын дағдарыс күшіне ене бастағанда, дамыған АҚШ-тан бастап, дамушы елдердегі көптеген үлкенді кшілі банктер, алып сақтандыру компаниялары, өндіріс орындарымен зауыттар жабылды, бұл келеңсіз үрдіс бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Жабылған және жабылудың сәл-ақ алдында тұрған өндіріс орындарымен банктер және тағы да басқа ұйымдар көмек сұрап мемлекетке жүгінді, мемлекет өз тарапынан елдегі жағдайдың одан әрі ушықпауы үшін, жұмыссыздардың санын арттырмау үшін, ел экономикасының дамуын белгілі бір деңгейде даму үрдісін сақтап қалу үшін аталған кәсіпорындармен қаржы ұйымдарына барынша, қолдарынан келгенше көмегін бергені бәрімізге мәлім. Бұған мысалды көптеп келтіруге болады. Бұл әмбебап үрдіс қаржы дағдарысы кезінде жер жүзінің барлық елдеріне ортақ ереже болып қалыптасты десек артық айтпағанымыз шығар.

АҚШ-та басталған қаржы дағдарысы, бүгінгі күнде әлемнің барлық елдеріне, оның ішінде дамыған және дамушы елдердің экономикаларын әлі де шайқатуда. Кейбір сарапшылардың болжауынша, ағымдағы жылда кейбір елдердің экономикалары рецессия процесінен шығып, аздаған өсім көрсетуіне қарамастан, дағдарыс құрсауынан толыққанды шығу туралы айту ерте, сонымен қатар, дағдарыстың түбі әлі де болса көрінбей отыр , - деп болжауда. Осыдан бірер жыл бұрын дағдарыс күшіне ене бастағанда, дамыған АҚШ-тан бастап, дамушы елдердегі көптеген үлкенді кшілі банктер, алып сақтандыру компаниялары, өндіріс орындарымен зауыттар жабылды, бұл келеңсіз үрдіс бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Жабылған және жабылудың сәл-ақ алдында тұрған өндіріс орындарымен банктер және тағы да басқа ұйымдар көмек сұрап мемлекетке жүгінді, мемлекет өз тарапынан елдегі жағдайдың одан әрі ушықпауы үшін, жұмыссыздардың санын арттырмау үшін, ел экономикасының дамуын белгілі бір деңгейде даму үрдісін сақтап қалу үшін аталған кәсіпорындармен қаржы ұйымдарына барынша, қолдарынан келгенше көмегін бергені бәрімізге мәлім. Бұған мысалды көптеп келтіруге болады. Бұл әмбебап үрдіс қаржы дағдарысы кезінде жер жүзінің барлық елдеріне ортақ ереже болып қалыптасты десек артық айтпағанымыз шығар. Қазақстан қаржы-экономикалық дағдарысының әсерін ТМД елдерінің ішінде бірінші болып сезді, дегенмен де, осыдан 10-11 жыл бұрынғы Азиядағы және Ресейдегі қаржы дағдарыстарымен салыстырғанда Қазақстан қазіргі әлемдік қаржы дағдарысын тәуелсіз, экономикасы қалыптасқан, мемлекеттік құрылымдары жетілген, ең бастысы аяққа тұрған мемлекет ретінде қарсы алды. Белгілі ғалым, экономист Адам Смиттің «нарықтың қолы көрінбейді» деген атақты сөзі бар, соған байланысты, дағдарыс кезінде мемлекеттің барлық саласын нарықтың көрінбейтін қолына беріп қою арқылы, мемлекет өз тағдырын үлкен қатерге байлайтыны тағы да белігілі.

Дағдарыс күшіне енгеннен бері, мемлекеттің экономикадағы рөлі мен орны артып келеді, оның басты себебі үкіметтің жағдайды одан әрі құлазымауы үшін, компаниялармен қаржы ұйымдарынының, өндіріс орындарының белгілі бір бөлігін сатып алып немесе оларға қаржы құйып, тіпті мемлекеттендіріп, сол себепті аталған ұйымдарда мемлекет үлесін арттыру саясаты болып отыр. Қазақстанда дағдарыс салдарымен күресуде үкіметпен қатар, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» да белсенді ат салысуда. Жалпы қоры 70 млрд. АҚШ долларын құрайтын ұлттық әл-ауқат қоры, ағымдағы жылы  ел экономикасын тұрақтандыру бағдарламасы бойынша 10 млрд. АҚШ долларын жұмсады. Қор төрағасы Қ. Келімбетовтің айтуынша, бүгінгі күнде экономиканы тұрақтандыру бағдарламасы бойынша бөлінген 10 млрд. АҚШ долларының 70%-ы экономикаға енгізілген, ал оның 60%-ы бүгінгі уақытта толығымен игеріліпті. Қазақстан дағдарыс салдарымен күресу бағдарламасы бойынша және аталған бағдарлама аясында экономикаға қаржы құю көрсеткіші бойынша әлемдік он мемлекеттің қатарына кіріп отыр.

Нарықтық экономиканың заңы бойынша, мемлекеттің нарық саласындағы үлесімен мөлшері аз көлемде болуы керек, алайда дағдарыс көп нәрсеге өзгеріс әкелгені белгілі, ал бүгінгідей қиын жағдайда мемлекетпен жеке сектор, нарық бірігіп жұмыс жасап, дамуы тиіс. Соңғы екі жылда мемлекеттің экономикадағы әсері күшейіп, үлесі артып, банктер және қаржы саласындағы компаниялар мемлекеттіндіріп, мемлекет меншігіне біртіндеп көшіп жатыр. Дағдарыс салдарына байланысты ел экономикасында мемлекеттің тікелей және жанама қатысуының мысалы ретінде, көршілес Ресейдегі жағдайды алуға болады. Ресейдің экономикалық даму министрлігінің мәліметінше, қазіргі кезде Ресей ІЖӨ-нің 50%-ын мемлекеттің үлесі алып отыр екен. Ресейлік сарапшылардың пікірінше, соңғы жылы Ресей үкіметі ел экономикасындағы үлесін 10%-ға арттырыпты. Қазіргі кездегі нарықтағы турбулентті жағдайда, экономикадағы мемлекеттік үлесті арттырудың негізгі механизмі бұл - тұрақтандыру несиелерін беру және ішкі сұранысты арттыру арқылы экономикадағы өсімді ұлғайту болып отыр, сол себепті Ресей үкіметі тек қана жеке сектордағы үлесін арттырып қоймай, сонымен бірге «Газпром», «Роснефть», «Сбербанк России», «ВТБ» секілді мемлекеттік корпорациялардағы үлесін де арттырып отыр. Қазақстандағы мемлекеттің экономикадағы алып отырған үлесінің тура пайызын немесе санын айту қиын, себебі бұл мәселе бойынша нақты ақпарат әлі жоқ, алайда ағымдағы жылдың басында мемлекет «Самрұқ Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» арқылы еліміздегі төрт екінші деңгейлі жүйе құраушы банктердің екеуінің 25% үлесімен, қалған екі банктің 75% үлестерін сатып алуын, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» «Еуразия табиғи ресурстар корпорациясындағы», «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясындағы, «Қазақмыс», «Қазақстан ипотекалық компаниясындағы» және т.б. маңызды компаниялардағы мемлекет үлесін өзіне алуын айтуға болады. Осы сатып алулар арқылы мемлекет экономика саласындағы үлесін едәуір арттырғаны белгілі. Өткен қыркүйек айының 29-ы күні Ресейде «ВТБ» банкінің ұйымдастырған инвестициялық форумында, Ресей үкіметінің жетекшісі Владимир Путин, мемлекет дағдарысты еңсергеннен кейін, мемлекеттің экномикадан біртіндеп шығатыны және мемлекеттің экономикадағы үлесінің азая беретіні туралы айтып кеткен болатын. Ресейлік сарапшылардың пайымдауынша, мемлекет экономикадағы үлесін төмендеткісі келсе де, бұл жердегі көрсеткіш 20-30%-дан әрі төмендемеуі мүмкін деуде. Белгілі экономист, мемлекет және қоғам қайраткері, танымал қаржыгер Ораз Әлиұлы Жандосовтың пікірінше, Қазақстанда мемлекет екі-үш жылдан кейін, дағдарыс уақытында кірген саламен компаниялардан шығады деп отыр. Осыған келетін пікірді осы жақында Қазақстан Республикасынынң премьер-министрі Кәрім Мәсімов те айтқан болатын.

Дағдарыстың әсері бізбен көршілес жатқан Өзбекстан, Түркіменстан елдерімен Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданына бізбен салыстырғанда әсерін аз тигізді, бұл процесстің басты себебі, аталған елдерде дағдарысқа дейін де, мемлекеттің экономикадағы үлесі басым және экономикалары жабықтау болатын, сол себепті бұл елдерге жаһандық дағдарыстың әсері бізбен салыстырғанда төмен деңгейде болды.  «Мемлекет - нашар менеджер» - деген қанатты сөз бар, алайда қазіргі уақыттағы экономикадағы тұрақсыз жағдайда, мемлекеттің көмегінсіз кейбір маңызды салалардың дамуын елестету мүмкін болмай тұр.  Бүгінгі кезеңде қайсыбір мемлекет экономикадағы үлесін төмендетуді, экономикадан біртіндеп шығудан көрі, дағдарыс салдарымен күресу бағдарламасын жүргізуді басым бағыт етіп отыр, ал экономикадағы мемлекет үлесін төмендету жоспары жақын болашақтың еншісіндегі мәселе екені белгілі.

«Абай-ақпарат»

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364