Сенбі, 31 Мамыр 2025
Әне, көрдің бе? 1902 0 пікір 5 Мамыр, 2025 сағат 12:00

Ресей: Қиыр Шығыс Қытайға жұтылудың алдында тұр...

Сурет: china-briefing.com сайтынан алынды.

Қазіргі күндері көрші Ресейдің Қиыр Шығысы мен тұтас Сібір аумағында 14-17 миллион адам тұрады. Бұл жақтағы облыстардың деревнялары мен аудандарында, моноқалаларында адам қалмады.

Құлазып, қаңырап, бос тұр. Ұлты орыс тұрғындарының бәрі қашып, осы елдің Еуропалық бөлігіне жиналып алды. Ресейдің қатты қорқып отырғаны да осы. Қасында, шекарасы мыңдаған шақырымға созылған, бір жарым миллиардқа таяу жұрты бар Қытай тұр. Оларға шекара сызығынан бір-екі қадам аттап, ішке кіріп кету, көп қиындық тұдырмайды. Ресей билігі қаңырап, иен қалған осы өлкелерге жіберуге адам таппай қиналуда. Украинамен арадағы соғыстан қашқандай, Қиыр Шығыс пен Сібірге баруға орта жастағылар мен жастар жағы мүлде келіскісі жоқ. Біздің елде, қайта Солтүстік облыстарға Оңтүстіктен көшіп барып жатыр. Бұларда, ол да жоқ. Орыс әйелдері кейінгі он жылдан бері мүлде бала тұмайтын болды. Туу деңгейі өте төмен.

Тағы ескертеріміз, Поволжье және Орал тауы өңірлерінде, татар мен башқұртты, шуваш пен мордваны, орысты, тағы басқаларын қосқанда он жеті миллионға жетер-жетпес ел тұрады.

Бұларда да еңбек күші жетпейді. Ресейдің Еуропалық бөлігінде алпыс миллионнан сәл ғана асатын тұрғын бар. Егер, осылардың бәрін қосып есептесең, жүз қырық екі миллион тұрмақ, жүз миллионға жетпейді. Ресей билігі осының барлығын өте құпия түрде жасырып отыр деп ойлаймыз.

Ресей осынау орасан үлкен аумақтан айырылып қаламыз ба деп қатты үрейленуде. Көршісі Украинамен соғысуға сарбаздары таусылып (техникасы да), аласұрып жатқаны да содан. Кремльдің қазіргі ұстанып отырған сасық саясаты Қазақстан мен Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжік пен Түркімен елдерін алдап түсіріп, иелігіне алып, солардың дүркіреп өсіп келе жатқан адам ресурстарын пайдаланбақ. Орталық Азияның халық саны мен Ресейдің тұрғындары теңесуге жақын қалды. Сондықтан солтүстіктегі көршіден қорқып, сескеніп керегі жоқ. Өздері айтып жүргендей құрып бара жатыр. Қазір олардың экономикасы да санкция шеңберінде біртіңдеп қирау үстінде.

Дегенмен, айтарымыз, мысал ретінде келтірген Ресей секілді азып-тозып кетпеу үшін айналадағы мемлекеттердегі қандастарымызды жинап алу, елімізді толыққанды қазақ еліне айландыру, сондай-ақ, елдің күш-қуатын арттыру, қазіргі биліктің күн тәртібінен түспеу қажет.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 3025
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4775