Дүйсенбі, 5 Мамыр 2025
Күбіртке 743 0 пікір 5 Мамыр, 2025 сағат 13:45

«Құдайдың ереке баласы» – Құлыбаев

Сурет: olympic.kz сайтынан алынды.

Құдайдың ереке баласына айналып, маңдайынан жел ескен Тимур Құлыбаевқа да «Аяз әліңді біл, құмырысқа жолыңды білдің» кері келді.

Қолда бар есеп қисапқа сенетін болсақ, Құлыбаевтар Halyk компаниясынан $435 млн астам дивиденд алады екен. 30 сәуірде Halyk МСА өткізіп, өз акционерлеріне 2024 жылғы дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған.

Айта кететін болсақ, банктің өткен жылы табысты болып, таза пайда 921 млрд теңгені құраған. Осы табыстың 35%-ын акционерлер арасында бөлу ұсынылды.

«Алмэкс» компаниясы Құлыбаевтар жұбынан, Halyk компаниясынан 224 млрд астам теңге алады. Бұл шамамен 435 млн долларды құрайды. Бірақ оның табысы тап осы сомамен шектелмеуі мүмкін. Өйткені, банк дивидендтерді жылына екі рет төлей алады. 2024 жылы Halyk өзінің барлық акционерлеріне таза пайданың 55%-ын бөліп берсе, биыл бар жоғы 35%-ды беріп отыруының астарында біраз дүниелер жатқаны анық.

Банк төрағасының орынбасары Мұрат Көшенов талдаушылармен болған кездесуде: «Кеңес екінші төлемді осы жылдың екінші жартысында ұсынуы мүмкін, бірақ ол шешім жылдың екінші жартысында қабылданады. Сондықтан мен қазір нақты жауап бере алмаймын. Бірақ мен, өзіміздің жалпы дивидендтік саясатымызға сілтеме жасай аламын, онда белгілі бір жағдайларда дивидендтерді төлеу коэффициенті таза пайданың 50-ден 100%-ға дейінгі диапазонында болады деп жазылған», - деген.

Бұл жырымдалған ақша Құлыбаевқа аса қажет болуы мүмкін, себебі Bloomberg ақпан айында жазғандай, Тимур Құлыбаев бірінші президент кезінде жинақталған қаржысына қатысты үкіметтік тергеу аясында мемлекетке 1 млрд доллар төлеу туралы келіссөздерге басы бүтін сүңгіп кетті.

Басылым хабарлағандай, егер келісімге қол жеткізілсе, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы қаражаттың бір бөлігін ақшамен, ал екінші бөлігін инвестиция түрінде төлейді. Бұл ретте аталған төлем оның кезінде жалғанды жалпағынан басып жасаған экономикалық-қылмыстық кінәсін басы бүтін мойындауын еш білдірмейді.

Өткен жылы Құлыбаевтар Halyk компаниясынан 265 млрд теңгеден сәл ғана астам қаражат ала алған. Яғни, өз акционерлерін ақшадан қаққан Құлыбаев тек банктен түскен табысы арқылы ғана 2 жыл ішінде дивидендтер алып, мемлекет алдындағы қарызын тез арада жаба алады, деп жазады Bloomberg.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1501
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1649