Жұма, 9 Мамыр 2025
Аймақ 845 0 пікір 9 Мамыр, 2025 сағат 14:09

Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы атап өтілуде

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған естелік іс-шаралар өтуде.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Облыс орталығында «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтары қойылды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Митинг-реквиемге облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, әскери қызметшілер, билік өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Ерте таңнан бастап тұрғындар өздерінің ата-бабаларын еске алу үшін мемориалға барады.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Облыс әкімі, оның орынбасарлары және облыстық мәслихат төрағасы барлық ардагерлерді үйді-үйіне аралап қайтты.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Олар ҰОС қатысушыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтап, жіберген атаулы ашық хаттарын және «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Ермағанбет Бөлекпаев 100 жасар Мария Шинкевичтің үйіне барды. Ол 19 жасында әскери қызметке шақырылған. Мергендік мектептен өтіп, майданға аттанған. Үшінші Беларусь және бірінші Украина майдандарында соғысқан. Чехословакияны азат етуге қатысқан. Жеңісті Прагада қарсы алған. Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков», «Украинаны азат еткені үшін» екі медалімен марапатталған. Соғыстан кейін түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарда кадрлар жөніндегі инспектор, экономист болып жұмыс істеді, 1983 жылы облыстық сауда басқармасынан зейнеткерлікке шыққан.

– Соғыстан кейін туған жеріме оралдым, мен үшін ең жақсы елде – Қазақстанда тұрдым. Мұнда менің ата-анам жерленген, мұнда менің Отаным. Баршаңызға денсаулық және бейбіт аспан тілеймін! – деп қарағандылықтарды Жеңіс күнімен Мария Шинкевич құттықтады.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Облыс әкімі ардагер Сұңғат Саттығұловқа барды. Ол 102 жаста. Майданға 18 жасында Алматы әскери жаяу әскерлер училищесінде оқығаннан кейін шақырылған. Сталинград түбіндегі ұрыстарға қатысқан. Жарақат алып, госпитальде емделгеннен кейін майданға оралған.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. 1947 жылы демобилизациядан кейін Алматы облысының Шамалған құрылыс техникумын бітіріп, көп жылдар бойы құрылыста еңбек етті. Қарағандыда 1956 жылдан бері тұрады.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының сегіз ардагері тұрады.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Жеңіс күніне орай оларға 5 млн теңгеден материалдық көмек көрсетілді.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Сондай-ақ, тыл еңбеккерлеріне, концлагерлер тұтқындарына, қоршаудағы Ленинград тұрғындарына және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттарға белгілі бір мөлшерде бір реттік материалдық көмек көрсетілді.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2007
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 2961