Жұма, 16 Қазан 2026
Маңызды 3157 0 пікір 15 Мамыр, 2025 сағат 16:21

Қазақстанда ҰБТ тапсыру күні өзгерді

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда соңғы қоңырау күнінің өзгеруіне байланысты ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) күндері де ауыстырылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) мәлімдеді.

ҰТО мәліметінше, 23 және 24 мамырға жоспарланған тестілеу күндері жаңартылған:

23 мамырға өтініш берген талапкерлер енді ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады.

24 мамырға өтініш берген талапкерлер тестілеуді 1 маусымда тапсырады.
Жаңа тестілеу күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетте автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар, талапкерлерге SMS-хабарлама жіберіледі.

ҰБТ-ға дайындалып жатқан талапкерлер үшін бұл өзгеріс маңызды. Сондықтан жеке кабинеттерін жиі тексеріп, тестілеу күні мен уақытына ерекше назар аудару қажет.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1021
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1374