Өскеменде «Алтайдан Оралға дейін» велошеруі басталды

Бүгін Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік монументі жанында Жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошерудің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Сурет: QR Turizm jäne sport ministrlıgı телеграм арнасынан алынды.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан дене шынықтыру және спорт саласының өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

Сурет: QR Turizm jäne sport ministrlıgı телеграм арнасынан алынды.
Аталған велошеруге 236 велошабандоз және Өскемендегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 200-ден астам студенті қатысуда. Іс-шара жұмысшы мамандықтарды насихаттау, еңбекке деген құрметті қалыптастыру және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Сурет: QR Turizm jäne sport ministrlıgı телеграм арнасынан алынды.
Шеру бағыты еліміздің сегіз өңірін қамтиды: Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстары, Астана қаласы, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары. Велошеру 8 маусымда мәресіне жетеді деп жоспарланған.
Abai.kz