Сәрсенбі, 18 Маусым 2025
Жаңалықтар 215 0 пікір 18 Маусым, 2025 сағат 14:06

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

Сурет: Ozgeris.info сайтынан алынды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңге болды.

Бұл ЖІӨ-ге шаққанда 21,1 пайызға тең.  Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжілістегі жалпы отырысында айтты.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева мемлекеттік қарыз мөлшері қандай екенін сұрады.

"1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 31,9 трлн теңгеге жетті. Бұл жалпы ішкі өнімге шаққанда 21,1 пайызға тең. Жалпы айтқанда, халықаралық институттар біздің мемлекеттік борыш жоғары деңгейде тұрған жоқ екенін атап өтті. Мемлекеттік қарыздың мөлшерін азайту үшін дефицитті төмендетіп, бюджеттің кіріс бөлігін арттыру керек", – деп жауап берді министр Мәди Такиев.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп ұсынылды.

Abai.kz

 

0 пікір