Жұма, 27 Маусым 2025
Саңлақ 335 0 пікір 26 Маусым, 2025 сағат 14:12

Әлемдік рейтингтегі үш қазақ...

Сурет: vesti.kz сайтынан алынды.

Қазақтың аяулы қызы, белгілі дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингтің көш басына шықты. Жаңартылған рейтингте біздің намысты қызымыз екінші орынға жайғасты.

Бұл тарих! Ол тарихты Әбиба қыз жасады!

Будапештте өткен әлем чемпионатында Әбиба Әбужақынова тарихи жүлдені олжалап, ел қоржынына тұңғыш рет күміс жүлде салған еді.

Жаңа жасақталған әлемдік ретингтің топ-10-дығына Әбибадан бөлек тағы екі отандасымыз енген екен. Олар: Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен Париж олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев.

Abai.kz

0 пікір