Дүйсенбі, 30 Маусым 2025
Саңлақ 194 0 пікір 30 Маусым, 2025 сағат 13:02

Әлем кубогы: Астанадағы жарыста бүгін қазақстандық бес боксшы сынға түседі

Cурет: olympic.kz сайтынан алынды.

Астанада өтетін World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 30 маусымда ел құрамасынан бес боксшы шаршы алаңға шығады.

Алдымен қазақстандық уақытпен 14:00-де басталатын күндізгі сессияда қазақстандық үш боксшы сайысқа түседі.

Бұл жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Екінші жұпта әйелдер арасында Назым Қызайбай (48 келі) 1/8 финалда канадалық Приянхо Диллон, төртінші жұпта Анель Сакыш (54 келі) 1/16 финалда германиялық Татьяна Обермайермен қолғап түйістіреді. Сегізінші жұпта ерлерде Абылайхан Жүсіпов (70 келі) 1/8 финалда қырғызстандық Алмаз Орозбековпен кездеседі.

Ал 19:00-де басталатын кешкі сессияда қазақстандық екі боксшы шаршы алаңға шығады.

Үшінші жұпта әйелдерде Виктория Графеева (60 келі) 1/8 финалда жапониялық Аяка Тагути, бесінші жұпта Наталья Богданова (70 келі) индонезиялық Санамача Чану Токчоммен сынға түседі.

Әлем кубогына 30 елден 300-ге жуық боксшы қатысады. Бұл Олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы. Әлем кубогы жыл бойына бірнеше кезеңмен өткізіледі. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.

Жарыс 30 маусым-6 шілде аралығында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Онда ерлер және әйелдер құрамалары жүлделерді сарапқа салады.

Еске салсақ, әлем кубогында қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.

Abai.kz

0 пікір