Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 1246 0 пікір 30 Маусым, 2025 сағат 13:11

Мәжіліс депутаты жасанды интеллектіге сенім артты

Сурет: freepik.com сайтынан алынды.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мемлекеттік органдарда жасанды интеллектіні енгізу және реттеу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, жасанды интеллектіге сенім артуы тиіс.

- Барлық жерде қауіпті. Біз тіпті адамдарға сендік, ал олар бюджет қаражатын жымқырды. Енді жасанды интеллектіден қорқуымыз керек пе? Біз адамдарға аз сеніп, жасанды интеллектіге сенімімізді арттыра түсуіміз қажет, - деді Бақытжан Базарбек.

Депутат цифрландыруда жүйелі әдістердің қажет екендігіне сенімді. Сонымен қатар оның атап өтуінше, цифрландыру алгоритмі мен технологиясы мемлекеттік ресурстарды басқару барысында адами факторларды қысқарта алады.

Айта кетейік, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда сегізінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясы ресми түрде жабылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1242
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2767
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 894
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 840