Сейсенбі, 1 Шілде 2025
Билік 356 0 пікір 30 Маусым, 2025 сағат 13:39

Жаңа Көлік министрі - Нұрлан Сауранбаев

Сурет: ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды. 

Айта кетейік, 2025 жылдың 8 маусымынан бері бұл қызмет бос тұрды. Көлік министірлігін екі жылдай басқарған Марат Қарабаевты президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен босатқан болатын.

Су жаңа Көлік министрі Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев туралы не белгілі?

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін экономист мамындығы бойынша бітіріп, ал 2001 жылы Италияда  магистратурасын бітіріп, мұнай әкімшілігі магистрі квалификациясын алды.

-Еңбек жолын 1991 жылы жекеменшік коммерциялық компанияның басшысы ретінде бастап, бұл қызметте 1997 жылға дейін жұмыс істеген.

-1997–1998 жылдары – Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры.

-1998–2000 жылдары – "Қазақстан темір жолы" РМК департаментінің директоры.

-2000–2002 жылдары – "Қазахойл" ЖАҚ құрамындағы "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ААҚ-ның қайта жаңғырту жобасын басқару тобының басшысы, бірінші вице-президенті және бас менеджері.

-2002–2004 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЗАҚ инжинирингтік және сервистік жобалар департаментінің директоры.

-2004–2007 жылдары – "ТеңізСервис" ЖШС-нің бас директоры.

-2007–2010 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарушы директоры.

-2010–2011 жылдары – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасарының кеңесшісі, басқарушы директоры.

-2011–2014 жылдары – Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметін атқарған. Кейін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінде болды.

-2017 жылы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетін басқарды.

-2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың маусымына дейін Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарды.

-2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар