Сәрсенбі, 14 Қазан 2026
Маңызды 1501 0 пікір 30 Маусым, 2025 сағат 13:47

Депутаттар демалысқа кетті

Сурет: nur.kz сайтынан алынды.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда сегізінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясы ресми түрде жабылды.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті үшінші сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы қаулы қабылдады.

Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті. Оның бір айында депутаттар өңірлерді аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдайды.

Үшінші сессия барысында Парламент палаталарының 3 бірлескен отырысы, Сенат пен Мәжілістің 39 жалпы отырысы өтті. Қос палатаның қарауында 158 заң жобасы болды, оның ішінде 89 заң қабылданды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 986
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1333