Сейсенбі, 1 Шілде 2025
Абай.tv 186 0 пікір 1 Шілде, 2025 сағат 12:34

Қазақстанда 370 ауыл ішімдіктен бас тартты

Сурет: 24.kz сайтынан алынды.

Заң және тәртіп – қауіпсіз қоғамның қалқаны. Құқықбұзушылықтың кез келген түріне төзуге болмайды.

Президент нақты бірқатар тапсырма жүктеді. Оған кімдер жауапты, қалай жүзеге асады? Қоғамдық тәртіпті қайтсек жақсартамыз? Бұл сұрақтарға «Түйін» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жауап берді.

Генерал-майордың айтуынша, қазір «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында мемлекеттік аппарат пен қоғам өзара бірлесіп, нәтижелі бастамалар қолға алынып жатыр.

- Соңғы кезде республика көлемінде «Арақсыз ауыл» деген 370 астам елдімекен пайда болды. Бұл полицияның, әкімшіліктің, діни қызметкерлердің және қоғам мүшелерінің бірлескен бастамасының арқасында осындай жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде бір жылдың ішінде ол ауылдарда бірде-бір қылмыс жасалмаған.

Қайсар Сұлтанбаев қазақстандықтардың құқықтық деңгейі туралы да айтты.

- Азаматтардың құқықтық деңгейі көтерілген. Көптеген кісілер қоғамдағы кез келген құқық бұзушылықты өздерінің бейне тіркегіштеріне түсіріп алып, Оперативтік басқару орталығына жіберіп отырады. Біз олардың бәрін қарастырып, заң бұзған кісілерді жауапқа тартамыз. Ондай фактілер күннен күнге көбейіп жатыр.

Сұхбат барысында белгілі болғандай, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша аса ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар, кісі өлтіру 15%-дан 30%-ға дейін төмендеген.

Сұхбатқа сілтеме:

Дереккөзі: 24.kz

Abai.kz

0 пікір