Сәрсенбі, 9 Шілде 2025
Анық 173 0 пікір 9 Шілде, 2025 сағат 15:03

5 жылда 40-тан астам жаңа су қоймасы салынады

Сурет: turkystan.kz сайтынан алынды.

2030 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңадан 42 су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 37 су қоймасын реконструкциялау жоспарлануда. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Солтүстік өңірлерде жаңа су қоймалары 216 елді мекенді су басуына жол бермей, 1,5 млрд м3 қарғын суды жинауға көмектеседі. Ал оңтүстікте суару алаңдарын 295 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар биыл жаңадан 4 су қоймасының құрылысын бастау және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялау жоспарлануда.

Батыс Қазақстан облысында «Үлкен Өзен» су қоймасының құрылысы дайындалып жатыр.

Abai.kz

0 пікір