Жұма, 29 Мамыр 2026
322 0 пікір 29 Мамыр, 2026 сағат 17:18

Білім – болашақ серіктестіктің негізі

Сурет: talda.edu.kz сайтынан алынды.

Ресей Президенті Владимир Путиннің Астанаға сапары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың бүгінде дәстүрлі күн тәртібінен әлдеқайда кең ауқымды қамтитынын тағы бір мәрте көрсетті. Экономика, өнеркәсіп және логистикамен қатар білім беру, цифрландыру және адами капиталды дамыту мәселелері барған сайын маңызды орын алуда.

Мен үшін ерекше мәнге ие болған жайттардың бірі – дарынды балалар мен жастарға арналған мектеп пен орталық болып табылатын «Қазақстан – Сириус» жобасының назарға алынуы.

Менің ойымша, мұндай бастамалардың стратегиялық маңызы зор, өйткені адамның ғылымға, технологияға, инженерияға, кәсіпкерлікке және мемлекеттік басқару саласына қадам басуына негіз болатын басты орта – мектеп. Білім беру – тұлғаның қалыптасуындағы негізгі кезеңдердің бірі екеніне шын жүректен сенемін.

Бүгінде мықты математикалық дайындық, инженерлік ойлау қабілеті, цифрлық сауаттылық және жасанды интеллектті түсіну жай ғана артықшылық емес, қажеттілікке айналып отыр. Егер біз бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырғымыз келсе, бұл жұмысты ең алдымен мектептен бастауымыз қажет.

Оның үстіне, бұл бастамалардың Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланған кезеңде жүзеге асуы ерекше мәнге ие. Цифрлық трансформация платформалар мен алгоритмдерден емес, адамдардан – оқушылардан, мұғалімдерден, инженерлерден, зерттеушілерден және болашақ әзірлеушілерден басталады.

Сондықтан мен осындай білім беру жобаларының дамуын Қазақстанның болашағына қосылған маңызды үлес ретінде бағалаймын. Халықаралық ынтымақтастық балаларға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың талантын дамытуға және технологиялардың рөлі арта түсетін әлемге дайындалуына ықпал еткен жағдайда ғана шынайы құндылыққа ие болады.

Қазақстан мен Ресейдің өзара іс-қимыл тәжірибесі мол. Алайда бүгінгі күні бұл ынтымақтастықтың болашаққа, яғни жас ұрпақтың дамуына бағытталуы ерекше маңызды.

 Алматхан Қуанышкереев,
«Талдау» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 3342
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2447