Жұма, 18 Шілде 2025
Өзгелер 157 0 пікір 18 Шілде, 2025 сағат 12:57

Оңтүстік Кореядағы нөсер салдары

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жаңбыр салдарынан екі адам қаза тауып, шамамен 1000 тұрғын эвакуацияланды. Бұл туралы Yonhap агенттігі мәлім етті.

Ең көп жауын-шашын Оңтүстік Чунчхон провинциясындағы Сосан қаласында тіркеліп, 344 мм-ге жеткен. Апаттан зардап шеккен аудандардың бірі – ел астанасына жақын орналасқан Осан қаласы. Онда көлікке тірек қабырғаның құлауы салдарынан жүргізуші көз жұмды. Ал Сосанда су басқан автокөліктен жүрегі тоқтап қалған адам табылып, ауруханаға жеткізілгенімен, аман қалмады.

Билік Чунчхон мен Кенгидо провинцияларының оңтүстігінде екінші деңгейлі қауіп дабылын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, нөсер жаңбыр сенбіге дейін жалғасуы мүмкін.

Айта кетейік, ұқсас табиғи апат АҚШ-тың солтүстік-шығысында да орын алып отыр. 15 шілдеде Нью-Йорк қаласында қатты жаңбыр салдарынан метрополитеннің жұмысы уақытша тоқтап, төтенше жағдай жарияланды.

Abai.kz
0 пікір