Сәрсенбі, 23 Шілде 2025
Өзгелер 359 0 пікір 23 Шілде, 2025 сағат 11:57

Зеленский даулы заңға қол қойды

Сурет: aaa.com.tr сайтынан алынды.

Украина президенті Владимир Зеленский №12414 заң жобасына қол қойды, бұл құжат НАБУ (Ұлттық жемқорлыққа қарсы бюро) мен САП-ты (Мамандандырылған антикорлық прокуратура) Бас прокуратураға бағынышты етеді.

Енді Бас прокурордың құзыретіне мыналар кіреді:
— САП прокурорының өкілеттігін басқа прокурорларға тапсыру;
— кез келген қылмыстық істі сұратып алып, басқа прокурорларға беру;
— НАБУ-ға міндетті түрде орындалуы тиіс жазбаша нұсқаулар беру;
— тергеу істерін НАБУ-дан алып, басқа тергеу органдарына жүктеу.

Бұл өзгерістер Украинаның ең маңызды жемқорлыққа қарсы құрылымдарының тәуелсіздігіне қауіп төндіреді.

Еуропалық комиссия бұл заңға дейін-ақ алаңдаушылық білдірген. Олар НАБУ мен САП-тың тәуелсіздігін реформалар мен Украинаға көрсетілетін қаржылық көмек шарттарының бірі деп атады.

НАБУ мен САП басшылары Зеленскийге заңға қол қоймау жөнінде ашық үндеу жолдаған. Олар бұл құжат антикоррупциялық жүйені жоюмен тең деп санайды.

Заң қабылданған соң Киев, Львов, Одесса, Днепр және тіпті соғыс жүріп жатқан Сумы қалаларында да наразылық шерулері өтті. Халық президенттен заңды ветоға жіберуді талап етті.

Abai.kz

0 пікір