Сенбі, 10 Қазан 2026
Саңлақ 1520 0 пікір 28 Шілде, 2025 сағат 12:21

Жүзуден Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартты

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионатында жүзуден Әділбек Мусин бірінші сайысында бақ сынады.

50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сайысында жерлесіміз 23.33 секунд көрсеткішін тіркеп, Қазақстанның рекордын жаңартты. Осы нәтиженің арқасында ол 18-орынға тұрақтады.

Жартылай финалға тек 16 спортшы өтеді. Егер өзге жүзушілер белгілі бір себеппен жарысты жалғастырмайтын болса, Әділбек оның орнын алмастырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 924
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1235