Сенбі, 2 Тамыз 2025
Жаңалықтар 713 0 пікір 2 Тамыз, 2025 сағат 15:24

Медиа өкілдеріне арналған байқау жариялаймыз!

Сурет: mdq.kz сайтынан алынды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры 2025 жылғы 1 тамыздан бастап жұмысшы мамандықтар жылына арналған байқауға өтінімдер қабылдауды бастады.

Байқаудың басты мақсаты – адал еңбегімен елге үлгі болған азаматтарды таныту, жұмысшы мамандық иелері мен олардың қызметін танымал ету, еңбекқорлық, адалдық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу.

Байқауға журналистер, блогерлер, контент-мейкерлер, видеографтар, мобилографтар, фототілшілер, теле-радио қызметкерлері, БАҚ редакциялары мен шығармашылық ұжымдар мына номинациялар бойынша қатыса алады:

  • Үздік бейнеролик («Еңбек адамының бейнесі»)
  • Үздік телесюжет (Еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын ілгерілету)
  • Үздік фоторепортаж (Шебердің бір күні)
  • Үздік радио сұхбат (Еңбек адамымен сұхбат)
  • Үздік публицистикалық мақала (Еңбек әулетінің жетістігі тарихы).

Әрбір номинация бойынша 3 жеңімпаз анықталады.

Өтінім 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін www.mdq.kz сайтында қабылданады

Abai.kz

0 пікір