Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті құрылды

Энергетика министрі 2025 жылғы 11 тамыздағы бұйрығымен «Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесіне өзгерістер енгізді.
«Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті – жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын Энергетика министрлігінің ведомствосы», - делінген құжатта.
Комитеттің құзыретіне не кіреді:
– мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
– реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функциясын жүзеге асырады, сондай-ақ орталық атқарушы органның стратегиялық құзыретін орындауға қатысады;
– жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау және қадағалау жүргізеді;
– ведомствоның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау-қадағалау функциясын жүзеге асырады;
– рұқсат беру рәсімін жүзеге асырады;
– мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады.
Бұйрық 2025 жылғы 25 тамызда күшіне енеді.
Abai.kz