Бейсенбі, 11 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 224 0 пікір 11 Қыркүйек, 2025 сағат 16:23

Жүргізуші куәлігі мен техпаспорт өзгеруі мүмкін

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Енді жүргізуші куәлігі мен техпаспортта чип болмауы мүмкін.

Жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінен электрондық чип алынып тасталуы мүмкін.

Ішкі істер министрлігі бұл қаржылық тұрғыдан тиімді деп отыр. Ведомство қолданыстағы заңнамаға өзгерістер әзірледі.

«Чип модульдерін енгізу мен пайдалану қосымша шығындарды талап етеді. Ал олардың функциялары қазір мемлекеттік деректер қоры мен ақпараттық жүйелер арқылы толық көлемде қамтамасыз етіледі», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасында.

Құжатты жария талқылау 22 қыркүйекке дейін жалғасады.

Abai.kz

0 пікір