Сенбі, 11 Қазан 2025
Жаңалықтар 2470 0 пікір 15 Қыркүйек, 2025 сағат 14:41

Газадан 300 мыңнан аса тұрғын кетті

Сурет: aa.com.tr сайтынан алынды.

Израиль әскерінің мәлімдеуінше, соңғы тәулік ішінде Газа қаласынан тағы он мыңдаған палестиналық кеткен, деп хабарлайды The Times of Israel. 

Осылайша Израиль Қорғаныс әскерінің бағалауынша, соңғы апталарда эвакуацияланған тұрғындардың жалпы саны 300 мыңнан асты

Газа қаласындағы шайқастар күшейіп жатыр, ал палестиналықтар Израильдің қаланы басып алу жоспарлары аясында қашуын жалғастырып келеді.

Құрлықтағы шабуыл алдында эвакуация жарияланғаннан кейін солтүстік сектордағы бас қаланың 300 мыңға жуық тұрғыны оңтүстікке қарай бет алды.

Жексенбі күні Израиль қорғаныс күштері бөлек эвакуация туралы ескерту жасағаннан кейін Газадағы төрт көпқабатты үйге соққы жасады. Әскерилердің мәлімдеуінше, ғимараттардың арасында ХАМАС қолданып жатқан университет бар.

20 тамызда Израиль армиясы Газа қаласына басып кіруін бастады. Операцияға «Гидеон арбалары-2» атауы берілді.

Израиль бұл қаланы ХАМАС-тың соңғы бекіністерінің бірі деп атайтынын мәлімдеп, резервтен 60 мың әскерді шақырып, 20 мың резервшінің қызмет көрсету мерзімін ұзартты.

Еске сала кетсек, Израиль Газа қаласына басып кірер алдында оны эвакуациялауға бұйрық бергенін жазған болатынбыз.

Ал Қатар Дохадағы шабуылдан кейін Газа бойынша келіссөзді тоқтатты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 818
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9886