Сейсенбі, 23 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 180 0 пікір 23 Қыркүйек, 2025 сағат 13:28

Ресей архивінен ұмытылған халық күйі табылды

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.

Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл құнды мұралар "Архив – 2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылған.

"Кей деректерге сүйенсек, сирек жазбалар 1930–1940 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде таспаға түсірілген. Бұл тарихи жазбалар қазақ халқының бай музыкалық мұрасын сақтап қана қоймай, сол кезеңде ұлттық өнердің бүкіл Одақ көлемінде жоғары бағаланғанын айғақтайды", – деп атап өтті ведомство.

Сол жылдары "Известия" газетінде жарияланған Н. Изгоевтің мақаласында:

"Казахи привезли такое искусство, которое близко и понятно не только казахскому народу – оно понятно всем… В протяжных казахских песнях мы слышали голос ковыльных степей", – деп жазылған.

Тарихи жазбалар 2024 жылы ресми түрде ҚР Ұлттық архивінің қорына енгізілді.

Abai.kz

0 пікір