Сейсенбі, 23 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 290 0 пікір 23 Қыркүйек, 2025 сағат 13:42

"Қайрат" - "Реал Мадрид" билеттері сатылымға шығады

Сурет: Azanyq.Ruqy.kz сайтынан алынды.

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі маңызды ойын 30 қыркүйек күні Алматыда өтеді.

Ал "Қайраттың" атағынан ат үркитін "Реал Мадридке" қарсы матчының билеттер сатылымы бүгін 17:00-де басталады. Әр ойынға билеттің бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін жетеді.

Сектор бойынша баға мынадай:

  • Батыс трибуна 1-9 сектор (1-2 қатар) – 30 мың;
  • Солтүстік / Оңтүстік трибуналар – 75 мың;
  • Шығыс трибуна – 150 мың;
  • Батыс трибуна – 250 мың;

Ескерте кетейік, ережеге сай, бір адамға тек 2 билеттен артық сатып алуға болмайды, билет алған кезде міндетті түрде жеке куәлік немесе төлқұжат деректері көрсетілуі тиіс. Деректер сатып алу уақытында да, стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі.

Билеттерді Ticketon платформасында, FCKAIRAT.COM сайтында және Qairat Superapp қосымшасында сатып алуға мүмкіндік бар.

Abai.kz

0 пікір