Сейсенбі, 23 Қыркүйек 2025
Билік 223 0 пікір 23 Қыркүйек, 2025 сағат 14:45

БҰҰ Бас Ассамблеясы: Тоқаев кімдермен кездесті?

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

БҰҰ Бас хатшысымен кездесу

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізіп, Ұйымның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, орнықты даму ісіндегі рөлін қолдайтынын растады. Кездесу аясында Алматыдағы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының қызметі туралы меморандумға қол қойылды.

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы келіссөздері Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге, спорт, экономика, гуманитарлық байланыстар мен жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне тың серпін берді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің басшыларымен, сондай-ақ FIFA президентімен маңызды келіссөздер жүргізді.

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

FIFA-мен ынтымақтастық

Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантиномен кездесті. Президент Қазақстанда балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанына ризашылық білдірді. Өз кезегінде Джанни Инфантино еліміздегі футболға назар аударғаны үшін алғыс айтып, ұлттық футболдың деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін атап өтті.

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Еуропалық Кеңеспен байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Костамен де келіссөз жүргізді. Әңгіме барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге бағытталған саяси диалогтың қарқынды дамып келе жатқаны айтылды. Тараптар өзара тиімді өңіраралық ынтымақтастықты нығайту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Украина Президентімен кездесу

Қазақстан Президенті Владимир Зеленскиймен жүздесіп, екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Украина басшысы еліндегі жағдайға байланысты көзқарасын жеткізсе, Қасым-Жомарт Тоқаев қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығына назар аударды.

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Черногориямен ынтымақтастық

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияны Балқан түбегіндегі маңызды серіктес деп атап, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 20 жылдығы қарсаңында сындарлы серіктестіктің одан әрі нығаятынына сенім білдірді. Черногория Президенті Қазақстан азаматтарына визасыз режимнің енгізілуі мен Алматы–Подгорица бағытындағы әуе рейсінің ашылуы екі халықты жақындата түскенін айтты.

Abai.kz

0 пікір