Бейсенбі, 2 Қазан 2025
Жаңалықтар 303 0 пікір 1 Қазан, 2025 сағат 16:41

Құрметің биіктей берсін, асыл ұстаздар!

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты.

– Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адам – мұғалім» деген. Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім – әрбір балаға өмір жолын көрсетеді. Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын болары хақ. Себебі әр мұғалімнің еңбегі – ерен, еліміздің дамуына қосқан үлесі – орасан. Сондықтан бүгін мен білім беру саласында еңбек етіп жүрген барша азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы озық ойлы ұлт болу үшін ең алдымен, білім-ғылымның дамуына баса мән беруіміз керек деп санайды.

– Соңғы бес жылда елімізде осы бағытта көп жұмыс істелді. Білім саласына бөлінетін қаржы үш есе артты. 1200 жаңа мектеп ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба бойынша заман талабына сай 150 білім ошағы салынды. Сондай-ақ осындай 67 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Балалардың сапалы білім алуына қажетті барлық жағдай жасалуда. Бұл деректі халық білуі керек, себебі мемлекет жас ұрпақтың біліміне және ұстаздардың жағдайына баса назар аударып жатыр. Біз педагогтердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақты шараларды қолға алдық. Арнайы заң қабылдадық. Бүгінде ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті, – деді Президент.

Қазіргі уақыт бой салыстыратын заман емес, ой салыстыратын уақыт. Яғни, қазіргі күні бәсекеге қабілетті болғың келсе, өмір бойы оқу керек! Біліміңді күн сайын жетілдіріп отыру керек! Өйтпесең көштен қаласың...

Дәл бүгінгідей тартысты заманда «өз дегеніңді болдырып, беделіңді сақтап қалу үшін» елге білімді ұрпақ қажет! Ал, ол ұрпақты тәрбиелейтін, мектеп қабырғасынан негізін қалайтын ең алдымен ұстаздар қауымы!

Батыр Бауыржан Момышұлы бүйдейді: «Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз».

Осы сөздерден-ақ, мұғалімдер ең әуелі ұлтқа қызмет атқаратын ең маңызды тұлға екенін аңғаруға болар. Иә, ең мықты экономист, ең мықты саясаткер, ең мықты ғалым, ең мықты заңгер, ең мықты құрылысшы, ең мықты идеолог, ең мықты спортшы т.б. қатарлы ең мықты мамандық ол – ұстаз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Заң және Тәртіп:

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 350
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 2780
Әдебиет

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 314