Бейсенбі, 9 Қазан 2025
Жаңалықтар 148 0 пікір 9 Қазан, 2025 сағат 15:16

Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істеуге жол ашылады

Сурет: kazpravda.kz сайтынан алынды.

Осы күз айларының соңына дейін Оңтүстік Кореямен Қазақстан азаматтарының жұмысқа орналастыру процесін заңдастыру келіссөзі жалғасады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, қазір Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген 15 мың қазақстандықтың 11 мыңға жуығы онда заңсыз орналасқан.

- Екі жыл бойы келіссөз жүргіздік. Бірақ, Оңтүстік Кореядағы саяси жағдайға байланысты біршама үзіліс болды. Келісімде азаматтарымыздың Кореяға заңды түрде барып, олардың еңбек құқықтары қорғалуы үшін күз айларының соңына дейін келіссөзді жалғастырамыз, - деді А. Ертаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Оңтүстік Корея жағы бірқатар талап қойған, соның ішінде заңсыз жүрген адамдарға қатысты шара қолдануды сұранып отыр.

- Бұл тұрғыда көші-қон заңнамасын бұзу мәселелері көтерілді. Егер адам заңсыз жұмыс істейтін болса, Корея Республикасынан елімізге оралуы керек. Кейіннен бекітілетін келісім аясында сол мемлекетте жұмысқа орналасуы тиіс. Заңды бұзуды жалғастыра берсе, Корея билігі елге кіруге толық тыйым салуы мүмкін. Сондықтан олардың көші-қон заңнамасын орындау маңызды, - деді вице-министр.

Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары қайтарылатыны хабарланған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 767
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9763