Сот реформасының жемісі: Ақтаулық блогер ақталды

Сот реформасының жемісі: Ақтаулық блогер өзінің «Антикорға» қарсы жала жабу ісін өз пайдасына шешті...
Ағымдағы жылдың мамыр айында Азамат Сәрсенбаев ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 2-бөлігі «Жала жабу» бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын. Бес айдан кейін блогер істі қайта қарауды және үкімнің күшін жоюға қол жеткізді.
Азамат Сәрсенбаев сотта: «Құрметті сот, сөздің шыны керек мен заңдылық бойынша осы Жоғарғы сотқа үміттеніп отырмын. 20 күн отырған кезде не үшін отырғанымды түсінбедім. Қандай заң бұзушылық үшін 20 тәулікке қамалғанымды түсінбедім. Мен ешкімнің жеке басына тиіспедім, ешкімнің атын атамадым. «Пәлен деген адам жемқор, ол мынадай затты бүлдірді» деп жазған жоқпын.
Мен әлеуметтік желіге тек өз ойымды жаздым. Алайда бірінші сот инстациясы мемлекеттік органды, мемлекеттік мекемені заңды тұлға ретінде – жәбірленуші ретінде санады да, мені «іскерлік беделін бұздың» деп кінәлі деп танып, 20 күнге тәулікке жауып тастады.
Сонда, әкімдікке сын айтқан, өз ойын ашық айтқан әр адам потенциалды түрде 20 тәулікке қамала ма? Сөз бостандығы қайда? Конституциялық құқықтарымыз қайда?
Сол үшін әділдік іздеймін. Сіздер осы істе қандай үкім шығарсаңыз да мен соған көнейін деп отырмын. Мені ақтап шықсаңыздар мен қуанамын оған, әрине. Алайда «Азамат сенікі дұрыс емес, осы жерде мемлекеттік органға, мекемеге айып тағып, іскерлік беделін түсірдің» десеңіз оған да көнемін», - деді.
Ал сотта әділдікке қол жеткізген соң: «Президент жариялаған сот реформаларының күшіне енуін күткенім жөн болып шықты. Мен өзімнің кінәсіздігіме күмәнданбадым. Бірақ мен жағдайды әділ шешіп, сот жүйесінің менің ісімді мемлекеттік органдарды сынағаны, еліміздің заңдарын пайдаланып, бұрмалағаны үшін адамдарды «құлыптауға» болатын прецедент жасауға негіз ретінде пайдалануына жол бермегеніне әлі де өте қуаныштымын», - деп жазды.
Abai.kz