Жұма, 10 Қазан 2025
Жаңалықтар 1255 0 пікір 10 Қазан, 2025 сағат 19:57

Сот реформасы: Кассациялық сот әділ шешім шығарды

Сурет: semeynews.kz сайтынан алынды.

Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді.

Талап қоюшы Б. он жылдан астам уақыт бойы «Жезқазғанцветмет» өндірістік бірлестігіне қарасты «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің жерасты кенішінің өндіру учаскесінде шпур бұрғылаушы болып еңбек еткен.

Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша қызметкерге «пневмокониоз және созылмалы бронхит» диагнозы қойылып, ол жерасты бұрғылаушысы қызметін атқаруға жарамсыз деп танылған және жерасты жағдайларымен, шаңданумен, газданумен және салқындаумен байланысты емес жұмысқа ауыстыруды қажет етеді деген шешім қабылданған.

Осыған байланысты Б. жұмыс берушінің бастамасымен, денсаулық жағдайына орай атқарып жүрген лауазымына сәйкес келмейтіндігі себепті жұмыстан босатылған.

Талап қоюшы жұмыстан босату туралы бұйрыққа шағымданып, өзін қайтадан қызметіне қалпына келтіруді, жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыру міндетін жұмыс берушіге жүктеуді, мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін жалақы мен моральдық зиян өтемін өндіріп беруді сұраған.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюшының талабын қанағаттандырудан бас тартқан.

Алайда, Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, төмендегі негіздер бойынша аталған сот актілерін күшін жойды.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 43-бабына сәйкес, өндірістік жарақат, кәсіби ауру немесе еңбек міндеттерін орындау кезінде алынған өзге де денсаулыққа зақым келтіру жағдайында, не өндірістік қызметке қатысы жоқ өзге де ауру түрі анықталған жағдайда, медициналық қорытынды негізінде жұмыс беруші қызметкерді еңбек қабілеті қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік (не кәсіби еңбек қабілетінен айырылу) белгіленгенге дейін денсаулығына қарсы көрсетілмейтін басқа жұмысқа уақытша ауыстыруға міндетті.

Еңбек шарты қызметкердің жазбаша түрде уақытша ауысудан бас тартқан жағдайында ғана тоқтатылуы мүмкін.
Алайда, іс материалдарын зерттеу нәтижесінде, жұмыс беруші тарапынан талап қоюшыға басқа лауазым ұсыну жөнінде ешқандай ұсыныс жұмыстан босатуға дейін жасалмағаны анықталды.

Осыған байланысты, жұмыстан босату рәсімі бұзылған деп танылып, кассациялық сот талап қоюшы Б.-ның талабын қанағаттандырды.

Жұмыстан босату туралы бұйрық заңсыз деп танылып, қызметкер бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды, жұмыс берушіге оның денсаулығына қарсы көрсетілмейтін жеңіл жұмысқа ауыстыру міндеті жүктелді. Егер мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, мүгедектік немесе кәсіби еңбек қабілетінен айырылу белгіленгенге дейін қызметкерді жұмыстан босатпай, ең төменгі жалақы мөлшерін сақтай отырып босатылған күйінде қалдыру міндеттелді.

Сонымен қатар, мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін талап қоюшының пайдасына алты айлық жалақы мөлшерінде – 3 000 000 теңге және моральдық зиян үшін 200 000 теңге өтемақы өндірілді.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 803
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9859