Сәрсенбі, 15 Қазан 2025
46 - сөз 213 0 пікір 15 Қазан, 2025 сағат 14:45

Қазақстанға да осы Заң қажет!

Сурет: kazgazeta.kz сайтынан алынды.

Конституциямыз "Мемлекет дін ісіне араласпайды" деген заңды бекітіп берген. Яғни, біз зайырлы мемлекетпіз.

ҚР Заңында кәмелеттік жасқа толмаған балаларды дінге тартуға тиым салынғаны туралы айтылған.

Алайда, Дін өкілдері Конституцияны да, Заңдарды да тыңдар емес.

Олар мектептерге барып, ораза мен намазды насихаттап жүр.

Қоғамдық орындарда да еш кедергісіз дінді насихаттап, мемлекеттің емес, шариғат заңымен жүруді, қоғам өмірін шариғат бойынша "халал-харам" деп бағалауды, мемлекет азаматтарын "мұсылман-кәпір" деп діни бөлшектеп, ел бірлігін шайқауды жалғастыруда.

Осының бәрі Заңды жауапкершіліктің болмауынан туындап жатыр.

Мысалы, біздің елде дінді діни орындардан бөлек жерде уағыздауға болмайды деп, заңға енгізген.
Ал олар әрбір қазада, аста, жиындарда тек араби уағыз айтып, "өлім хақ" деп, оны онсыз да білетін елдің шырқын бұзып жүр...

Мемлекеттік мекемелерге де еніп алған...

Сондықтан, біз де балаларымыздың санасын дін догмасынан қорғап, оларға ұлттық мәдениетті және білімді, өмірдің құндылығын үйретуіміз керек.

Біз болашақтағы шүкіршіл құлдарды емес, еліне қалқан болатын ӘРЕКЕТШІЛ әрі ҚАРЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ тәрбиелеуіміз керек.
Болмаса қалай ел боламыз?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 893
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10097