Сәрсенбі, 29 Қазан 2025
Жаңалықтар 547 0 пікір 21 Қазан, 2025 сағат 21:12

Халқымызда әйелге деген айырықша құрмет қалыптасқан

Сурет: syrdidary.kz сайтынан алынды.

Гендерлік теңдік жыл сайын ілгерілеп алға басып келеді және Қазақстанның ішкі саясаты мен оның демократиялық өзгерістерінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі әм бірегейі болып табылады. Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында қабылданған шаралар мен гендерлік саясат саласындағы халықаралық тәжірибе туралы осы мақалада өз ойымызда қордаланған пікірімізді айтатын боламыз.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан гендерлік саясатты іске асыруда белгілі бір прогреске қол жеткізе білді. Ең алдымен, бұл әйелдердің әлеуетін мақсатты түрде дамытуда, ерлердің де, әйелдердің де еңбек қызметінде, бизнесте, саясатта және мемлекеттік басқаруда тең көрініс табуы үшін жағдай жасауда, әйелдердің сапалы білім мен денсаулық сақтауға теңдестікпен қол жеткізуін қалыптастыруда, сондай-ақ ананың мәртебелі атын жан-жақты қорғауда өз көрінісін тапты. Бүгінгі күні Қазақстанда гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың тұтас институционалдық жүйесі қалыптасып, маңызды құқықтық база құрылды.

Қазақстанның гендерлік саясатының өзгелерден айырықша басты ерекшелігі гендерлік жобалардың бастамашысы, бірінші кезекте, гендерлік даму салаларында алдын алу және озыңқы шаралар қабылдайтын мемлекет болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан адам құқықтары жөніндегі, оның ішінде жыныстар арасындағы теңдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған 20-дан астам әртүрлі шарттар мен конвенцияларға қатысушы мемлекет болып табылады. Қазақстанда республикадағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары әзірленіп, Үкімет қаулысымен бекітілді. ҚР Конституциясына сәйкес 33-бап, азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуға тең құқықтары мен мүмкіндіктері барлығын нәзік жандарға қатысты да өз шарапатын тигізе бастады.

Қазақстандағы гендерлік теңдік тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңінен басталады. Елде әйелдердің түрлі азаматтық бастамаларына заңнамалық қолдау жасалып отыр. Бұдан басқа, елде гендерлік статистика мен сараптама тетіктері кеңінен енгізіліп, әйелдердің қоғамдық қатысу инфрақұрылымы өмірге келіп, әйелдердің ҮЕҰ қалыптасып, оларға арналған көшбасшылық желісі мен аналарға арналған дағдарыс орталықтары құрылды. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бойынша арнайы шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Осыдан біраз жыл бұрын «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар мен құралдар» конференциясына қатысушыларға арнаған үндеуінде, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Гендерлік даму индексінде 2019 жылы Қазақстан 51-орынды иеленгенін еске салды ал 2019 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумның Гендерлік алшақтық индексінде әйелдердің экономикаға қатысу деңгейі бойынша еліміз 153 мемлекет арасында 37-орында тұрғанын мақатан сөз етті. Бұл нәтижелер Қазақстандағы гендерлік саясаттың жоспарлы дамуын жан-жақты ашып көрсетеді.

Гендерлік саясат - экономикадағы маңызды бағыттардың бірі және гендерлік теңдікті нығайту халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға, көптеген кәсіби салаларды күшейтуге және жан-жақты дамытуға ықпал етеді.

Гендерлік саясат саласындағы алғашқы қадамдар

1995 жылы Қазақстанда ҚР Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселелері жөніндегі кеңес құрылды, ал екі жылдан кейін ҚР-дағы әйелдердің жағдайын жақсартудың мемлекеттік саясатының тұжырымдамасы мақұлданды.

Ал, араға үш жыл салып, яғни, 1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қосылды. Ал Кеңес ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия болып қайта құрылды, оның аясында 1999 жылы ҚР-дағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспары әзірленді.

Гендерлік саясаттың жалғасы ретінде 2017 жылы Қазақстанда «2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» қабылданды, онда әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі ұстаным күшейтілді. Бүгінде гендерлік индикаторлар мемлекеттік бюджетті қалыптастыру, мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу кезінде пайдаланылады.

Сондай-ақ, Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бойынша нысаналы көрсеткіш 2020 жылға қарай - 22%, 2023 жылға қарай - 25%, 2030 жылға қарай - 30% деңгейінде атқарушы, өкілді және сот билік органдарындағы, мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторлардағы әйелдердің үлесіне қол жеткізу болып табылады.

Тарихта біздің халқымызда әйелге деген айырықша құрмет қалыптасқан. Ел Президентiнiң әйелдердi мемлекеттiк және қоғамдық басқаруға, әсiресе жергiлiктi деңгейде аймақтарда белсендi тарту туралы нұсқауларын ұстана отырып, Қазақстанда ұлттық ерекшелiктер мен Халықаралық тәжiрибенi ескеруге негiзделген гендерлiк саясаттың жеке үлгiсi қалыптасты. Өз кәсiпорындарын құруға ұмтылатын әйелдерге көмек көрсететiн Қазақстанның iскер әйелдер қауымдастығы, Қазақстанның кәсiпкер әйелдер одағы, Республикалық әйелдер кеңесi, Даму және бейiмдеу әйелдер қауымдастығы және басқалары сияқты үкiметтiк емес ұйымдардың саны да өсуде. Олар консультациялар, оқыту жүргізеді, несиелеу мәселелеріне көмектеседі. Осылайша, бизнес-мәдениеттің жалпы деңгейін көтеру және кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бұл болашақта осы бағытта ерлер мен әйелдердiң тең мүмкiндiктерiне қол жеткiзу жөнiндегi пәрмендi тетiктердi енгiзу мақсатында мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да нақты әрi үйлесiмдi жұмыс үшiн зор күш-жiгер жұмсау керектiгiн бiлдiредi.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1196
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10709