Сейсенбі, 26 Мамыр 2026
Жаңалықтар 68 0 пікір 26 Мамыр, 2026 сағат 14:49

Cу айдындарында қауіпсіздік күшейтіледі

Сурет: "Толқын" газеті сайтынан алынды.

Соңғы екі жылда ел аумағындағы Шалқар, Имантау, Бурабай, Үлкен Шабақты, Пестрое, Алакөл көлдерінде және Есіл өзенінде сегіз құтқару станциясы салынды. Ал келесі жылдың соңына дейін Жезқазған, Қонаев, Семей, Қосшы қалаларында және Щучье көлінің жағалауында тағы бес құтқару станциясын салу жоспарланған.

Келесі жылдың соңына дейін Жезқазған, Қонаев, Семей, Қосшы қалаларында және Щучье көлінің жағалауында тағы бес құтқару станциясын салу жоспарланған.

Құтқару қызметтерінің материалдық-техникалық базасы кезең-кезеңімен жаңартылып, заманауи жылдам жүретін катерлер мен арнайы техника сатып алынуда. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп балаларды жүзу дағдыларына және алғашқы медициналық көмек көрсетуге оқыту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде республика бойынша 8 001 бала жүзуге, 17 952 бала алғашқы көмек көрсетуге үйретілген.

Қазіргі уақытта су айдындарында мобильді бекеттер қойылып, жаппай демалыс орындарында патрульдеу және рейдтік іс-шаралар күшейтілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 3171
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2259