ҰБ: Қазанда инфляция 12,6%-ға дейін төмендеді
Қазақстанда қазан айындағы инфляция 12,6%-ға дейін төмендеді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, азық-түлік бағасы 13,5%-ға, ақылы қызметтер 12,9%-ға, өзге тауарлар 11%-ға өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Азық-түлік тауарлары
Қазан айында бірқатар тағам өнімдерінің бағасы төмендеді:
• пияз – 7,7%-ға,
• алма – 6,1%-ға,
• қызылша – 5,1%-ға,
• қырыққабат – 4,7%-ға,
• сәбіз – 4,4%-ға,
• қант – 2%-ға,
• жүзім – 1,1%-ға,
• лимон – 0,8%-ға арзандаған.
Ал керісінше, кейбір өнімдер қымбаттаған:
• шоколад – 2,3%-ға,
• кофе, дәмдеуіштер мен соустар – 1,8%-ға,
• құрма – 1,6%-ға,
• жарма түрлері – 0,7%-ға өскен.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар
Отандық құрастырудағы жаңа автокөліктердің бағасы 1,5%-ға төмендеді.
Сонымен қатар келесі тауарлар қымбаттаған:
• қолшатыр – 4,2%-ға,
• электр жылытқыштар – 2,5%-ға,
• жуғыш және тазалағыш құралдар – 1%-ға,
• киім, аяқ киім және тұрмыстық техникалар – 0,8%-ға.
Қызмет түрлері
Тарифтер төмендеді:
• суық суға – 40%-ға,
• газға – 10,7%-ға,
• электр энергиясына – 2%-ға.
Бірақ кейбір қызмет түрлерінің бағасы артқан:
• қоғамдық тамақтану орындары – 2%-ға,
• шаштараз және сұлулық салондары – 1,5%-ға,
• фитнес және жаттығу залдары – 0,8%-ға өсті.
Жылдық инфляция – 12,6%
2024 жылдың қазан айымен салыстырғанда жылдық инфляция деңгейі 12,6% болды.
Бағасы төмендегендер:
• күріш – 8,3%-ға,
• кептірілген өрік – 5%-ға,
• қызанақ – 1,4%-ға арзандады.
Бағасы артқандар:
• кептірілген жеміс пен жаңғақтар – 2,9%-ға,
• ас үйге арналған құрал-жабдықтар – 7%-ға,
• электр бұрғылар – 5,9%-ға,
• шамдар – 5,2%-ға өсті.
Сонымен бірге, өткен жылмен салыстырғанда:
• аяқ киім жөндеу қызметі – 8,9%-ға,
• тұрғын үйді күтіп ұстау қызметі – 7,8%-ға,
• бассейн мен жаттығу залдарына абонементтер – тиісінше 10% және 8,8% қымбаттаған.
Ұлттық статистика бюросы 508 түрлі тауар мен қызмет бойынша тұтыну бағасының индексін ай сайын есептейді. Инфляцияның толық динамикасы 2018 жылдан бергі деректермен бірге ведомствоның интерактивті дашбордында қолжетімді.
Abai.kz