Сейсенбі, 4 Қараша 2025
Жаңалықтар 275 0 пікір 3 Қараша, 2025 сағат 18:38

Қазақ халқын қорлаған Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шықты

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

Қарағанды соты 22 жастағы кәсіпкер Алика Мұхамадиеваны әлеуметтік желіде қазақ халқын қорлайтын жазбалар жариялағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот шешімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру») бойынша 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда сот жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады, себебі Мұхамадиеваның екі жасар баласы бар. 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге жаза мерзімі бес жылға дейін болса, оны өтеу кейінге қалдырылады.

Осылайша Мұхамадиева бостандыққа шығып, жазасын екі жылдан кейін өтейді.

Abai.kz

0 пікір