АҚШ: Шатдаун аяқталады...
АҚШ Сенаты үкімет жұмысын жандандыруға келісті.
Дауыс беру барысында 60 адам үкімет жұмысын жандандыруды қолдады, 40 адам қарсы болды. Ертең Сенат Үкіметтің жұмысын жандандыру бойынша нақты шешімге дауыс бермек.
Артынша құжатты Өкілдер Палатасы бірнеше күн қарайды. Құжат қабылданатын болса, АҚШ үкіметі 2026-жылдың ақпанына дейін қаржыландырылатын болады.
«Осымен АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаун аяқталатын сияқты. Демократтар мен республикалықтар ақыры келісіпті. «Демократтардың денсаулық саласына қатысты ұсыныстары ақыры қабылданбады», - дейді АҚШ БАҚ-тары.
Abai.kz
1
4 күн бұрын
2
3 күн бұрын
3
4 күн бұрын
4
5 күн бұрын
5
1 сағат бұрын