Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1186 0 пікір 24 Қараша, 2025 сағат 14:11

Теміржол нысаны мемлекетке қайтарылды

Сурет: Қазақстан теміржолшысы сайтынан алынды.

Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде жер комиссиясының шешімі және жер қатынастары жөніндегі жергілікті органмен жасалған сатып алу-сату шарты негізінде әскери бөлімдердің бірінің теміржолға баратын тармағының бір бөлігін коммерциялық құрылымның меншігіне заңсыз беру фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қадағалау актісі негізінде әскери бөлім Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына аталған шешім мен шартты заңсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді.

Сотпен талап арыз қанағаттандырылды, құны 75 млн теңгеден асатын кірме жол қорғаныс ведомствосының меншігіне қайтарылды.

Әскери прокуратура органдары әскери нысандардың сақталуын және оларды тиісті пайдалануын қамтамасыз ету жөніндегі қадағалау шараларының іске асуын одан әрі жалғастырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1142
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2671
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 789
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 759