Астанаға Еуропалық Кеңес Президенті келеді
Бүгін Астанаға Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Биыл Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылайды», - делінген ақпаратта.
Abai.kz