Дүйсенбі, 8 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 115 0 пікір 8 Желтоқсан, 2025 сағат 16:31

Қазақстандықтарға хакерлік шабуыл жасалуы мүмкін

Сурет: 7kun.kz сайтынан алынды.

Қазақстан – кибершабуыл қаупі жоғары деп танылған елдердің қатарында. Әңгіме зиян тыңшы бағдарламасын қолдану туралы болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Reuters агенттігінің мәліметінше, өткен аптада Google мен Apple өз өнімдерін пайдаланушыларға киберқауіп жайлы жаппай ескерту жолдай бастады. Google бұл ретте Қазақстанды қауіп деңгейі жоғары мемлекеттердің бірі ретінде атап отыр.

Еліміз Intellexa компаниясының жасырын тыңшылық бағдарламасы қолданылған елдердің тізімінде. Жалпы хакерлік әрекеттерден әлем бойынша жүздеген аккаунт зардап шеккен. Олардың ішінде Орталық Азия елдері – Өзбекстан мен Тәжікстан да бар.

Өткен аптада санкция астындағы Intellexa компаниясының Predator аталатын тыңшылық бағдарламасы әртүрлі елдерде құқық қорғаушыларды, заңгерлерді және журналистерді жасырын бақылау үшін пайдаланылғаны белгілі болды.

Abai.kz

0 пікір