2026 жылғы көлік салығы бойынша өзгерістер
Көлік салығын есептеу мен төлеу тәртібіндегі жаңалықтар туралы хабарлайды.
Негізгі өзгерістер:
Заңды тұлғалар үшін салық төлеу тәртібі өзгерді.
Ағымдағы төлемдерді есептеу алынып тасталды (бұрын әр жылдың 5 шілдесіне дейін тапсырылатын).
Сондай-ақ, егер мүлік салығы бойынша жалпы салықтық міндеттемелердің сомасы 300 АЕК-тен аспайтын болса, ағымдағы төлемдерді есептеу жойылады. Бұл жағдайда салық төлеуші жылына бір рет декларация тапсырып, соның нәтижесі бойынша салықты төлейді.
Жаңа тәртіп (заңды тұлғалар үшін):
Салық кезеңі бұрынғыдай күнтізбелік жыл болып қала береді (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін).
Көлік салығы бойынша декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады.
Салық декларация тапсыру мерзімінен кейінгі 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей төленуі тиіс, яғни 10 сәуірге дейін.
Көлік құралдарының санаты техникалық паспорттағы жүргізу құқығы санаты бойынша айқындалады.
Жеңіл автомобильдер үшін пайдалану мерзіміне қарай түзету коэффициенттері енгізіледі:
0,7 — 10 жылдан 20 жылға дейін (қоса алғанда);
0,5 — 20 жылдан асқан жағдайда.
2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өндірілген немесе әкелінген көлемі 3000 куб. см.-ден асатын жеңіл автомобильдер үшін ставкалар алынып тасталды.
Ескі автомобильдерге салық мөлшерлемелері төмендетілді:
10 жылдан асқан — 30%-ға;
20 жылдан асқан — 50%-ға.
Фермерлік және шаруа қожалықтары бір «пикап» түріндегі көлік құралы бойынша салық төлеуден босатылады.
Жаңа Салық кодексінесәйкес, әсіресе ескі және қозғалтқыш көлемі үлкенкөліктерге салынатын салық азаяды.
Бұл жаңалық еліміздегі көлік иелерінің басымбөлігіне әсер етпек.
Ұлттық статистика бюросыныңдерегінше, қазір шамамен 6 миллионға жуық көліктіркелсе, соның 2,5 миллионы 20 жылдан астам уақыттан бері қолданыста жүр.
Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Өдірістік емес төлемдер және жеке тұлғалар бөлімі
Abai.kz