Сәрсенбі, 17 Желтоқсан 2025
Әдебиет 152 0 пікір 17 Желтоқсан, 2025 сағат 13:23

«Шамы сөнген қаланың қақпасын аш»

Сурет: aqiqat.kazgazeta.kz сайтынан алынды.

(Эссе)

...Мен, кешелі-бері ұз-а-а-қ толғанып, ойланып отырмын. Жер бетіндегі жалғыз адам - құдды бір өзім ғана сияқтымын.  Неге екенін кім білсін?! Жар - Құдаға аян. Әрбір Жаратылыстың өзіне тән қасиеті, жұмбағы болады. Дәл нүктесін тауып, пернесін басу қайталанбас сезімі - екінің-біріне бұйырмас бақыт! Айтпағым, біз туған өлкенің: тарихы; мәдениеті; әдебиеті; өнері; салт - санасы; тұрмыс жағдайы; тыныс - тіршілігі; қоғамдық дәуір кезеңдері; кен - қазба байлығы;  ғасырдан - ғасырларға көшу процесі; гүлденуі; құлдырауы; т. т. с. с. !

Қала демекші, «қала» ұғымы - көшпенділер тарихында да орын алған-мыс... Өркениет жалғыз оған байланысты болмаса да. Байқап қарасақ, сол көнетоз замандардың, қазіргі кезде, тек, «жұрнағы» қалған сынды көрінеді маған. Жел сыбдыры, жауын-шашыннан үрпиіп-үгілген Баба - Ғимараттар... Дана - Ескерткіштер... Сұлулығын жер - сандығына жасырған, ұлы дүбір - тарих сырлары... Қырлары...

Оң жағалаудың шуы, Сол жағалауға қарағанда көп. Тым көп. Оны, мұражайынан-ақ білуге болады. Оны, кітапханасынан-ақ аңдауға болады. Оны, телеграф-поштасынан-ақ көруге болады. Оны, керуен жолдарынан-ақ тануға болады. Оны, кешегі абыз өткен, арда кешкен серілердің домбыраларының сыңғырынан-ақ тыңдауға болады. Оны, мың жасаған қазына - айшықтарынан-ақ ұғуға болады. Себебі, көне... ең көне шып-шымыр топырағы ғана жалғыз сөйлеп тұр!

Жаңа ғасырға қадам басқандағы тұсының өзінде де, бұл өлкенің, қыртыс -қатпарлары ашылмақ емес. Егер, кездейсоқта, кез-келген қала ауасымен тыныстаған қарабайыр тұрғындарынан сұрасаң, ауыз толтырып тұщымды жауап қатпасы анық. Мәлім де. Мейлі тарихшысы, мейлі өлкетанушысы болмасын! Ал, керісінше, ағыла кетсе, «қаласүйгіш медальімен» марапаттар едік!

Сол жағалау, мен үшін - жаңа тағылым көзі. Неге десеңіздер, Алаш Арыстарының үні бар... Абадан Мөрі бар... Толғай берсең тоғаймас ойларың, түгесілмес таңға шейінгі хамса - дастандардай...

Осы шағын қала төңірегіндегі очеркімде: «Ой көзімен» оқыған құрметті оқырманға, біршама түйін – мән - мағына, ұзан - ұзақ сырлар жатары айқын...

Шамы сөнген көшелерімен талай рет адастық, талай рет сүріндік. Бірақ, ұмытпадық. Ыстық болғаны үшін бе?! Ару Айдың жарығынан сәуле жүзген ақшағыр асау Ертіс - бәріміздің жүрегімізді тазартатын «кәусар суымыз»... Құстары - періқанатты. Жан–жануарлары - жұмақтық. Өсімдіктері -өміршең. Адамдары - үкілі. Сайран сарайлары - жұлдызды. Не күй кештірмес, бұл өлке, осынау жәннат - БАҚ ҚАЛА?! Қайтіп қана сүймессің... Содан соң ?..

Әдеттегі кезбе жүрісімнен жаңылмай келе жатып, әлемге әйгілі шайыр Бродцкий жырындағы - «коммуна-хрущев» бір үйлерінің терезесінен «Абай жолы» роман-эпопеясын тауып алдым. Міне, сиқыр! Енді сонымен, көкжайлау ойларымды бусатамын. Шалғынына жусатамын. Ұлттық ашуда йісімді қайтадан құшамын. Сүйемін. Аңсауға да тұрарлық... Сағыныш мауқымды басуға, бәлкім?!

«Өзекті жан йесі» өз туған өлкесін - дәл мендей сағынсайшы, - деймін!?

— Қаланың көркі - тарихи-өлкетану музейі десем, сенесіздер ме?!

Әй, қайдам... Әркімнің қарабас қамы мүжілген заман ғой... Ауық-ауық келіп, туған жер, туған өлкеміздің ата - тарихымен жіті де, жете танысып, ой - пікір, сыр - лебіздеріңізді білдірсеңіздер, қоссаңыздар қандай тамаша! Тіптен, Ғанибет!.. Шашудай шашарға, сөз - теңіздің маржан - жауһары көп қой шіркін...

— Қақпадан басталмайды! ...Қала ӨРКЕНИЕТ – МӘДЕНИЕТІ!!!

— Қақпадан Ашылады... АСПАНҒА ҚАРАЙ...

Ерік Омарғали

Abai.kz

0 пікір