Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3116 0 пікір 15 Қазан, 2009 сағат 05:46

Жанар НҰРҒАЛИ. БІЗ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТОЛЕРАНТТЫМЫЗ?

Сонымен, біз қаншалықты толеранттымыз? Осындай сауалға жауап іздеген жергілікті социологтар жақында «Ақтөбе облысындағы ұлтаралық қатынастар ахуалы» тақырыбында өңір тұрғындары арасында социологиялық зерттеу жүргізді. Зерттеудің нәтижесі мынадай. «Сіз үшін адамның ұлттық негізі маңызды ма?» деген социологтар сұрағына сауалнамаға қатысқандардың 41,2 пайызы адамның ұлтына мән беріп қарамайтындығын айтқан. Олар үшін адамның қай ұлтқа жататындығы емес, адамгершілік пен адами қасиеттер маңыздырақ екен.

28,2 пайызы өз ұлтымен де, өзге ұлт өкілдерімен де қарым-қатынас жасағанды ұнатады екен.  Бұл топ өз ұлтының да, өзге ұлт өкілдерімен де қоян-қолтық араласа береді.

24,7 пайызы өз ұлтының адамдарымен араласуға тырысады, бірақ өзге ұлт өкілдерінен де достары бар. Яғни, бұлар өзгемен ұлтына бола жауласа кетерлік ксенофобиялык қасиеттен ада дейді социологтар.

Ал, 3,5 пайыздық үлеске тек өз ұлтының адамдарымен ғана араласатындар ие. Ұлттық негізге мән беретін бұл топтағылар тек өз ұлтының өкілдерімен ғана араласқанды қалайды екен.

Социологтардың пікірінше, жалпы «алынған жауаптарға қарап сауалнамаға қатысқандардың көбі үшін адамның қай ұлтқа жататындығы басты нәрсе емес деген қорытынды жасауға болады».

Сондай-ақ, сауалға қатысқандардың 49,4 пайызын өз ұлтының мәдениеті мен тілдік ахуалы толғандырмайды екен.

Қазіргі әлемдік экономикалық дағдарыс ұлтаралық қарым-қатынасқа салқынын тигізіп жатқан жоқ. Сауалнамаға қатысқандардың 64,2% осылай ойлайды. Бұл сан облыстағы ұлттық толеранттылықтың үлкен қоры бар екендігін мәлімдейді дейді социологтар. Ақтөбенің жергілікті халқы өзге ұлт өкілдерімен тату қарым-қатынаста, бір-бірімен дос, құрбы, жолдас, әріптес.

Біздің елде татулық, келісім бар. Демек, қоғамымыз толеранттылыққа бейім.

Әлем елдері өте тез, шұғыл даму үстінде. Жаһандану біртұтас қауымдастыққа үндеуде. Өзгені «өзім» деп қабылдау идеясын берік ұстануды алға тартады. Төзімділікке, өзгенің мәдени құндылықтарын құрметтеуге шақырады. Ал, толеранттылық идеясын жақтамайтындар ксенофобияға шалдыққандар боп саналады.

Қазір әйтеуір жаңа дәуірдің келуімен жаһандану құбылысының қарқыны орасан жылдамдықпен жүруде. Демек, толеранттылық - жаһандану құндылықтарының негізін қалайтын іргетас. Сол себепті де, ұлтшылдық дегеннен гөрі толеранттылық ұғымының салмағы басымырақ.

Қазақ - бауырмал халық. Бірақ сол бауырмалдығымыз өзімізге сор емес, бағымыз болатынына сенгің келеді. Тек ұлтын сүйгендер психологияда айтылатын ксенофобияға бой алдырған ұлтшыл, керітартпа атанбаса дейсің.

Бірақ қазіргі таңда қазаққа өзге жұртпенде ымыра тауып, толеранттылықты насихаттай жүріп, өз мүддесін қорғауға тырысудан басқа жол жоқ сияқты. Әлемнің өзге ақылды алпауыттарымен келісе отырып, пішкен тон бәлкім, келте болмайтын шығар.

«Керек.info» газеті, 2009 жыл.

Тақырыпқа орай түйін:

"Толерантный" ("толеранттылы"), "толерантность" ("толеранттылық") сөзі латын тілінен француз тіліне, кейін еуропа тілдеріне енген. Оны "төзімділік" деп аударып жүрміз. Шындығында, оның мәні қазақ тілінде терең: төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деп жалғастыра беруге болар. Толеранттылық рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің ұстанымдарыма жат болса да, қабылдаймын дегенді білдіреді».

А.Айталы, философия ғылымдарының

докторы, профессор

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394