Дүйсенбі, 5 Қазан 2026
Жаңалықтар 1554 0 пікір 24 Желтоқсан, 2025 сағат 14:06

ҚазТАГ-тың бас редакторы Әмір Хасенов ұсталды

Сурет: Орда сайтынан алынды.

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновті Астананың Есіл аудандық полициясы ұстады. Бұл жөнінде агенттіктің бас директоры әлеуметтік желіде хабарлады.

Журналист Freedom Finance компаниясының арызы бойынша Қылмыстық кодекстің «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабымен күдікті деп танылып, 23 желтоқсан кешке Астананың Есіл аудандық полиция бөліміне шақыртылған.

Адвокат Рена Керимованың айтуынша, Қасенов күдікті деп танылған Қылмыстық кодекстің 274-бабының 3-бөлігі орташа ауыр қылмыс саналады, оны ұстау - тағылған айып үшін шамадан тыс қатаң шара. Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Дереккөзі: Азаттық радиосы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 744
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1042