Дүйсенбі, 29 Желтоқсан 2025
Әне, көрдің бе? 177 0 пікір 29 Желтоқсан, 2025 сағат 13:55

Өзбекстан әлем назарында

Сурет: википедиядан алынды

Соңғы жылдары Өзбекстан жетекші талдау орталықтарының, әлемдік БАҚ-тың, халықаралық инвесторлар мен талдаушылардың жіті назарына ілікті.

Экономикалық және институционалдық сипаттағы ауқымды реформаларды іске қоса отырып, бұл ел айтарлықтай өсу қарқынын және капиталдың тұрақты ағынын көрсетіп отыр.

Өзбекстанның қазіргі экономикалық траекториясының іргетасы 2017 жылы саяси бағыт өзгергеннен кейін, реформатор президент Шавкат Мирзиёев тұлғасындағы елдің жаңа басшылығы жабық және әкімшілік басқарылатын үлгіден неғұрлым ашық және нарықтық үлгіге қарай ауқымды бұрылыс жасау бастамасын көтерген кезде қаланған болатын. Валюталық шектеулер ырықтандырылды, шетелдік инвесторлардың ішкі нарыққа қолжетімділігі жеңілдетілді, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру және қайта құрылымдау процестері іске қосылды, бизнес үшін әкімшілік кедергілер төмендетілді. Бұл қадамдар Өзбекстанның бизнес келбетін тез өзгертіп, оны «жабық мемлекеттен» Орталық Азияның ең перспективалы нарықтарының біріне айналдырды.

Экономикалық және институционалдық сипаттағы ауқымды реформаларды іске қоса отырып, Өзбекстан айтарлықтай өсу қарқынын және капиталдың тұрақты ағынын көрсетіп отыр

Макроэкономикалық көрсеткіштер де бұл ілгерілеуді растайды. Халықаралық қаржы институттарының бағалауы бойынша 2025 жылы Өзбекстанның жалпы ішкі өнімі 145 миллиард АҚШ долларынан асты, ал өсу қарқыны әлемдік орташа деңгейден жоғары күйінде қалып отыр.

Өзбек экономикасы сыртқы күйзелістерге төзімділігін көрсетіп, инфляция басқарылатын шекте сақталып отыр, ал алтын-валюта қорлары рекордтық 61,2 миллиард долларға жетті, қаржы буферін қалыптастырып, жаһандық нарықтардың ауытқуына қарсы өз осалдығын төмендетті.

Осы бір өсуде сондай-ақ энергия көздері, ауыл шаруашылығы өнімдері және жеңіл өнеркәсіп тауарлары есебінен жаңа нарықтарға біртіндеп шығудың арқасында кеңейе түскен экспорт елеулі рөл атқарады.

Халықаралық инвесторлардың мүддесі Өзбекстанның жаһандық қаржы нарықтарына белсенді шығуына да байланысты. Егеменді еурооблигацияларды шығару, ірі активтерді жекешелендіру жоспарлары және ашықтық стандарттарын арттыруға дайын екендігі Ташкенттің әлемдік қаржы жүйесіне кірігуге деген ұмтылысының белгісі болып табылады.

Бұл ретте мемлекеттік сектор бұрынғысынша экономиканың негізгі салаларында үстем, қаржы институттары белсенді дамуда және ел ішінде капиталды тиімді қайта бөле білуде.

Өзбекстанның инвестициялық ахуалы да таң қалдырады. Бір жағынан, 38 миллионнан астам халқы бар мемлекеттің демографиялық әлеуеті, жас еңбек нарығы және өсіп келе жатқан ішкі сұраныс өндіріс пен қызмет көрсетуді дамыту үшін қолайлы негіз жасайды. Екінші жағынан - инвесторлар корпоративтік басқару қиындықтарын оңай еңсереді. Соңғы жылдары елдің сот жүйесі меншік құқығы саласындағы заң бұзушылықтарға ықылас таныта ден қоя бастады. Әлемде және өңірде Өзбекстанды әлеуеті жоғары және тәуекелі аз нарық ретінде қабылдау қалыптасуда, бұл таяу шетелдерден капитал мен инвестициялардың жаппай келуіне себепші болады.

Өзбекстанның алдында жаңа мақсаттар тұр. Реформаларды институционалдық өлшеу ерекше назар аударуға лайық. Экономикалық ырықтандырудың өзi құқықтық және реттеушi тетiктердi қатарлас нығайтусыз тұрақты дамуға кепiлдiк бермейдi. Өзбекстан Үкіметі реттеушілердің тәуелсіздігін арттыруға, қаржылық есептілікті біріздендіруге, сот жүйесін дамытуға және бизнес үшін транзакциялық шығындарды азайтуға бағыт нық қадам ұстанды. Әзірге бұл элементтер онша-мұнша қолға алынбаған күйінде қалып отыр. Экономикалық өсу көбінесе тұрақты нарықтық экожүйеге емес, әкімшілік шешімдерге және сыртқы сұранысқа сүйенеді.

Өзбекстан өзінің маңызды серпінді кезеңінде тұр. Экономика өсу, бейімделу және сыртқы ресурстарды тарту қабілетін көрсетті, алайда одан әрі даму реформаларды орнықты институционалдық жүйеге айналдырудың мүмкін болуына байланысты болмақ.

Сыртқы экономикалық және геосаяси контекст елдiң даму траекториясына да елеулi әсер етедi, өйткенi Өзбекстан iрi сыртқы ойыншылардың мүдделерi арақатынасын теңдестiруге мәжбүр: Қытай оның негiзгi сауда-экономикалық серiктестерiнiң бiрi болып қала бередi, Ресей экспорт пен еңбек миграциясында маңызды рөлiн сақтайды, ал АҚШ пен Еуроодақ экономикалық ынтымақтастық пен инвестицияларға қызығушылықты арттырады.

Мұндай көп векторлық сыртқы байланыстарды әртараптандыруға мүмкіндік береді, бірақ сонымен бірге стратегиялық жоспарлауды қиындатады және экономикалық саясаттың икемділігіне қойылатын талаптарды арттырады. Қаржы секторы реформаларға қарамастан, жеделдетілген жаңғырту мен инновациялық даму үшін қажетті ауқымда ұзақ мерзімді несиелеуге қолжетімділікті қамтамасыз ете алмай отыр.

Барша сөздің түйіні Өзбекстан маңызды белес кезеңінде тұр. Экономика өсу, бейімделу және сыртқы ресурстарды тарту қабілетін көрсетті, алайда одан әрі даму реформаларды орнықты институционалдық жүйеге айналдырудың мүмкін болуына байланысты болып келеді.

кші талдау орталықтарының, әлемдік БАҚ-тың, халықаралық инвесторлар мен талдаушылардың жіті назарына ілікті.

Abai.kz

0 пікір