Жұма, 9 Қаңтар 2026
Аласапыран 392 0 пікір 8 Қаңтар, 2026 сағат 14:40

Венесуэланы билеген «бестік»...

Сурет: kz24.news.kz сайтынан алынды.

АҚШ әскерлерінің Венесуэла президенті Николас Мадуроны тұтқындауы елдің Бес адамнан тұратын билік құрылымын шайқалтқан.

Бұл бес адам: Мадуро және оның әйелі Селия Флорес, вице-президент Дельси Родригес және оның ағасы Парламент төрағасы Хорхе Родригес және Ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо.

Билік құрылымында олардың әрқайсысының өз салмағы болған, бірақ Мадуро тепе-теңдікті сақтаудағы негізгі тұлға. Енді Мадурамен әйелі түрмеге қамалғандықтан қалғанының болашағы бұыңғыр.

Бүгінде Мадуроның қолына кісен салынып, көзі байланған тұтқын бейнесі әлемді кезіп кетті. Бірақ бірнеше күн бұрын ғана ол онлайн сөз сөйлеп, әйелі Селия Флореспен бірге «Соғыс болмасын, біз бейбітшілікті қалаймыз!» деп билеп жүрген еді.

Қарашадағы митингте ол: «Мені ешкім тоқтата алмайды!» деп айқайлады. Мадуроны сайлаушылар қоламаса да, әскерилердің қолдауының арқасында ішкі қарсылықты сәтті жойып, оппозицияны темір жұдырықпен тұншықтырып елден қуды..

Ол сондай-ақ өзінің алдындағы тәлімгері Уго Чавеске еліктеп, жеке бас культі арқылы «берілмейтін» бейнені қалыптастырды.

Қабырға суреттері, әндер және өмірбаяндық фильмдер оның жетістіктерін мадақтады, тіпті «империализмге» қарсы күресетін суперқаһарманға ұқсас тұлғаның тарихын баяндайтын «Супер сақал» анимациялық сериялда бар.

Сонымен қатар, Николас Мадуроның әйелінің үлгісіндегі «Супер Селия» атты әйел суперқаһарман көпшіліктің назарынан түспейді.

Қорғаныс министрі генерал Владимир Падрино Лопестің басшылығымен елдің әскери күштері Мадуроға «толық адалдық» туралы бірнеше рет ант берді.

Ағалы-қарындасты Родригесртер әрдайым Мадуроның ішкі билік шеңберінің мүшелері болған.

Қазіргі уақытша президент Делси Родригес экономиканы да, мұнай өнеркәсібін де басқарады. Оның ағасы Хорхе Родригес Ұлттық Ассамблеяның спикері қызметін атқарады және оппозициямен және Америка Құрама Штаттарымен бас келіссөз жүргізуші болып табылады.

Екеуі де «ел жауларына» қарсы отты риторикасымен танымал, бірақ көрініс артында олар прагматикалық және дипломатиялық ұстанымда.

Бірнеше сарапшылардың пікірінше, олар тапқыр стратегтер ретінде үкімет ішіндегі тазартуларды ұйымдастырды, мысалы, бастапқыда 2023 жылы мерзімі аяқталуы тиіс беделді мұнай министрі Тарек Айсамиді түрмеге қамады. Оның орнына кім келді? дәл Делси Родригес.

Сарапшы Педро Бенитес: « Ағайынды Родригестер Мадуроның барлық ішкі тазартуларына қатысты, олардың көмегімен Мадуро өзіне қауіп төндіретін билік топтарын жойды», - дейді.

«Бес адамнан тұратын топтың» бесінші мүшесі - Ішкі істер министрі Диосдадо Кабелло. Венесуэладағы бұл қорқынышты тұлға Уго Чавестің қаруласы, Чавесизмнің символикалық тұлғасы және Мадуроның артында тұрған Венесуэла Біріккен Социалистік партиясының (БСБП) жетекшісі.

Мадуроның наразылықпен қайта сайланғаннан кейін және үкімет тарағаннан кейін Кабелло Ішкі істер министрі болып тағайындалды. Ол қатыгездікпен қудалау ұйымдастырып, халық арасында қорқынышты үрей тудырды.

Сарапшылар Кабеллоны Чавесизмнің ең радикалды мүшелерінің бірі деп санайды, кейбіреулер Родригес отбасының прагматизмімен келіспеушіліг бар деп болжайды, дегенмен екі тарап та мұны жоққа шығарады.

Кабелелло 2002 жылы Чавесті биліктен тайдырған сәтсіз төңкеріс әрекеті кезінде бірнеше сағат бойы президент қызметін қысқа мерзімге атқарды.

Дегенмен, қазір оның жағдайы өзгерді: ол Мадуро ісі бойынша АҚШ сот жүйесі айыптаған алты адамның бірі, АҚШ оны ұстау үшін 25 миллион доллар сыйақы ұсынды. Оның да Мадуро сияқты Америкада сотқа тартылу қаупі бар.

Бұл "бестіктің" ішінде қазірше ағайынды Родригестердің жолы болып тұр. Олар орын тағынан айрылған жоқ.

Кеше Американың NBC телеарнасы АҚШ Барлау қызметіне Мадуро туралы барлық мәліметті берген ішкі жансыздың ағайынды Родригстер екенін мәлімдеді. Президент Трамп вице-Президент Делси Родригеспен Мадуро тұтқындалғаннан кейін ғана тіл табысқандарын алға тартуда.

Abai.kz

0 пікір