Жұма, 9 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 248 0 пікір 8 Қаңтар, 2026 сағат 15:05

Банктік қарыздар бойынша шекті мөлшер белгіленді

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды.

Қазақстанда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейлері айқындалды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысында көрсетілген.

Осылайша, банктік қарыздар бойынша ең жоғары жылдық мөлшерлемелер белгіленді:

– кепілсіз банктік қарыздар бойынша – 46%;

– кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша – 35%;

– ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша – 25%.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 46%-дан аспауы тиіс.

Ал мерзімі 45 күнге дейінгі және сомасы 45 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын микрокредиттер бойынша мөлшерлеме тәулігіне 0,3%-дан, ал жылдық есеппен 179%-дан жоғары болмауы қажет.

Бұған дейін Мәжіліс банктер туралы заңға Сенат жаңа редакцияда ұсынған баптармен келіскенін жазғанбыз.

Abai.kz

0 пікір