Дүйсенбі, 12 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 117 0 пікір 12 Қаңтар, 2026 сағат 15:15

Банктерге қойылатын талаптар күшейтілді

Сурет: naryk.kz сайтынан алынды.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мәліметінше, енді мұндай банктер акционерлеріне дивиденд төлемес бұрын, ең алдымен сол соманың кемінде 66 пайызын мемлекетке қайтаруы тиіс.

(Бұрын бұл көрсеткіш 10 пайыздан басталып, 66 пайызға дейін баратын). Акцияларды кері сатып алу кезінде де дәл осындай талап қойылады. Яғни, банк алдымен мемлекет алдындағы берешегін өтеуі керек.

Сондай-ақ, банктің ірі акционерлері немесе жаңа иелері мемлекеттен алынған қаражатты қалай қайтаратыны туралы нақты жоспары бар келісімге қол қоюға міндетті.

Abai.kz

0 пікір